Аймақтар • 22 Тамыз, 2020

Республикалық жоба аясындағы ойын

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен "Мың бала" республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында "Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі" атты зияткерлік ойыны өткізілді. Ойынға қала мектептерінен 15 оқушы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республикалық жоба аясындағы ойын

Мемлекеттік тілді үйретудегі инновациялық идеяларды жинақтау және тарату мақсатында өткен ойынды "Қоғамдық келісім" КММ аға сарапшысы Гүлзира Сәрсенбек жүргізіп, "Мың бала" республикалық мәдени-ағартушылық жобасы туралы айтып өтті.

Оқушылар карантин режимін сақтай отырып, үш бағыт бойынша жарысты. Kahoot.it - цифрлық smart сервисі арқылы қосылып, "Тіл – ұлы байлық", "Полиглот" және "Брэйнг ринг" кезеңдерінде өз білімдерін ортаға салды.

Нәтижесінде бірінші орынды №10 "Білім-инновация" мектеп лицейі, екінші орынды Қалтай Мұхамеджанов атындағы  №1 мектеп-гимназиясы, үшінші орынды Б.Шалғынбаев атындағы №217 IT мектеп-лицейі, төртінші орынды №198 Ж.Нұрманов атындағы орта мектебі, бесінші орынды Н.Ахмадеева атындағы №112  орта мектептің оқушылары иеленді.