Аймақтар • 22 Тамыз, 2020
Алаяқ бас бостандығынан айырылды
Қызылорда қаласының тұрғыны 2019-2020 жылдары "көпқабатты үйлерден пәтер алып беремін, пайызсыз несие алуға көмектесем, жұмысқа орналастыра аламын", деген түрлі желеумен жұрттың сеніміне кіріп, жалпы сомасы 2 200 000 теңге көлемінде ақша алған. Алаяқтың арбауына облыстың 3 тұрғыны түсіп үлгерген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Тамыз, 2020
"Junior Eurovision" Ұлттық іріктеуіне қатысушылар анықталды
21 тамыз күні "Junior Eurovision" халықаралық байқауы Ұлттық іріктеуінің қазылар алқасы финалға өту үшін бақ сынасатын 30 қатысушыны анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2020
Петропавлда мас күйінде көлік жүргізген 61 жастағы жүргізуші ұсталды
Петропавл қаласында жолда апаттық жағдай туғызған 61 жастағы мас жүргізуші ұсталды. Оны жол қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша кешкі рейд жүргізу кезінде Набережная көшесінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тоқтатты. Volkswagen Passat автокөлігімен жолда апаттық жағдай туғызған. Тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі аңқып тұрғаны анықталды. Дәрігердің қорытындысы бойынша оның масаң екендігі дәлелденді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Тамыз, 2020
Ыстамбұлдағы тағы бір шіркеу мешітке айналады
Түркия үкіметі әйгілі Қасиетті Құтқарушы Шіркеуі орналасқан Ыстамбұлдағы Хора монастырын мешітке айналдыру туралы шешім қабылдады. Ая-София сияқты, монастырь ғимараты да ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы деп танылған. Ғимарат Стамбулдың Фатих ауданында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 22 Тамыз, 2020
Өткен тәулікте 1972 адам коронавирустан емделіп шықты
Қазақстанда өткен тәулікте 1792 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.