Тұрғындар арызы негізінде Қызылорда облыстық Полиция департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде облыс орталығының 47 жастағы тұрғыны ұсталды. Тергеу барысында күдікті әйел кінәсін толығымен мойындады.
Оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен сараланып, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.
Қалалық сот үкімі негізінде айыпталушыға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жұртқа келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуге міндеттелді.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.