Экология • 15 Тамыз, 2023
Үш қалада ауаның ластану деңгейі жоғары
«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, 15 тамызда Қазақстанның үш қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Тамыз, 2023
Президент Үндістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Тәуелсіздік күніне орай елдің Премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдап, ізгі тілектерін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Білім • 15 Тамыз, 2023
Орыс мектебімен қоштасқан облыс
Медальдің екі жағы болатыны тәрізді, аралас мектеп туралы көпшіліктің пікірі біркелкі емес. Бірі жақтайды, бірі даттайды. Жақтайтындар аралас мектептерді ұлттық мектептерге апаратын алтын көпірге балайды. Даттайтындар «мұндай мектептерде бәрібір орыс тілі басымдыққа ие, қазақша сынып дегеннің әншейін аты ғана» дейді. Дегенмен, қазақтілді ортада жақтайтындардан гөрі даттайтындардың басым екенін ашық айту керек. «Аралас мектептерден қайтсек арыламыз?» дейтін сұрақтың қойылуы да сондықтан.
Ауыл • 15 Тамыз, 2023
Шалғайдағының шырайын кіргізген бастама
Әншейінде бұйығы күн кешкен, қоңырқай тірлікті місе тұтқан Вознесенка ауылы биыл дүр сілкініп, алпыс екі тамырына қан жүгіріп, ажарланып сала берді. Қай тарапқа қарасаң да, құрылыс жүріп жатыр. Ауыл тұрғындарын қуанышқа бөлеген жағымды жайдың бірегейі су құбырының тартылуы екен. Елді мекен тарихында алғаш рет жүзеге асып отырғаннан ба, кездескен жұрттың бәрі осы қуанышты айтып мәз-мейрам.
Қазақстан • 15 Тамыз, 2023
Сайлаушылар аманаты депутаттарға қандай міндет жүктейді?
Сенат пен Мәжіліс депутаттарының кезекті жазғы демалысы аяқталуға жақын. Жылдағы дәстүрге сай шілденің шіліңгірі басталғанда олар еліміздің әр аймағына іссапарға шығып, жергілікті мәслихаттардың депутаттары, түрлі мекеме ұжымдары, қарапайым тұрғындармен кездесіп, өкпе-наздарын тыңдап, қоғамды алаңдатқан сан қилы проблеманың шешу жолдарын талқыға салды.