Экология • 15 Тамыз, 2023

Үш қалада ауаның ластану деңгейі жоғары

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, 15 тамызда Қазақстанның үш қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үш қалада ауаның ластану деңгейі жоғары

Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, түнде Алматы, Ақтөбе және Атырау қалаларының ауасында зиянды қоспалар көбейеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).