Қоғам • 15 Тамыз, 2023
Жаз соңына таяғанда бәрімізге ұнайтын «Алпамыс мектепке барады» фильмін кезекті рет көргің келеді де тұрады. Әр көрген сайын бұрынғы әсеріңді суытып, кинодағы жып-жылы сезімдермен қайта қауышуға асығасың. Бала кезден қалыптасқан дәстүр болған соң, санаң да дәл осы күндерде алты жасар Алпамысты іздейді. Неге олай, беймәлім. Бәлкім, тамыздағы тамылжыған көңіл күй солай болар. Бәлкім, түу жырақта қалған алақандай ауылымызды аңсаймыз. Алпамыс сияқты мектепке бармайтын болған соң, жырақта қалған сол бір аяулы шақты сағынамыз ба әлде? Әйтеуір түгесілмейтін сағыныш.
Денсаулық • 15 Тамыз, 2023
Ертіс-Баян өңірінде обыр өршіп тұр
Ақ желеңділерді қатерлі ісік ауруларының көбейе түскені алаңдатып отыр. Аяқ-қолы сау адамға обыр жабысса, айығуы екіталай. Дәрігерлер профилактикалық медициналық қаралу ауруды ерте сатысында анықтап, жеңуге болатынын айтады. Өкінішке қарай, әуелгі байлықтың маңызына уақытында ой жүгіртпей, кеш қалып жатқандар баршылық.
Денсаулық • 15 Тамыз, 2023
Қызылша жұқтырғанның қарасы қалың
Қарағандыда қызылша жұқтырғандар көбейіп тұр. Тамыз айының басындағы дерек бойынша қызылша жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 73 жағдай тіркелген. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Байғұтанованың айтуынша, 73 жағдайдың 53-і зертханалық талдау нәтижесінде расталып отыр. Қажетті вакцина салдырудан қашқандардың осы дертке тап болып жатқанын да атап өтті сала маманы.
Денсаулық • 15 Тамыз, 2023
Қарияның аяғын аман алып қалды
Қазір қоғамда МӘМС жүйесіне қатысты сын-пікірлер аз емес. Рас, қаншама азамат медициналық әлеуметтік сақтандыруға ақша төлейді, бірақ өзі тіркелген емханаға дер кезінде емделе алмайды. Өйткені кезек күту керек. Алайда МӘМС жүйесімен күрделі операция жасатып, оңалып жатқан азаматтар да жоқ емес.
Спорт • 15 Тамыз, 2023
ТМД елдерінің II ойындары аяқталды
Белорусь мемлекетінің Минск, Борисов, Брест, Витебск, Гомель, Гродно, Жлобин, Могилев, Молодечно, Орша, Солигорск қалаларында 10 күн бойы өткен ТМД елдерінің II ойындары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.