Аймақтар • 19 Тамыз, 2022
Ашық аспан астындағы музей ашылады
Келешекте Баянауылдағы Мәшһүр Жүсіп кесенесі маңында ашық аспан астындағы музей ашылып, Ескелді шатқалына келушілер Пушкин мен Толстойдың мұражай-үйлері тәріздес ерекше мәдениет үлгісін тамашалауы мүмкін. Ғұлама атындағы қордың мүшелері Екібастұз қаласының жұртшылығымен кездесу өткізген Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевқа осындай ұсыныс жасады.
Саясат • 19 Тамыз, 2022
Жол картасын жүзеге асыру маңызды
Мәжіліс депутаттары Берік Бекжанов, Берік Оспанов пен Фахриддин Қаратаев Шымкент қаласына барып, Әл-Фараби аудандық жұмыспен қамту орталығының ұжымымен кездесті. Бұл жөнінде палатаның баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 19 Тамыз, 2022
Дипломатия ардагерлері марапатталды
Сыртқы істер министрлігінің Алматыда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері мен консулдар қауымының қатысуымен дипломатия ардагерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау рәсімі өтті.
Саясат • 19 Тамыз, 2022
Сенаторлардың өңірлердегі жұмыс сапарлары жалғасып келеді. Мәселен, Сенат депутаты Ерік Сұлтанов таяуда Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездессе, Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков жұмыс сапары аясында Алматы облысының Қарасай ауданына барды. Бұл жөнінде жоғарғы палатаның баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 18 Тамыз, 2022
Өскемен мен Павлодарды елордамен жалғайтын автобан құрылысын салу туралы Үкіметтің шешімі 2013 жылы қабылданған екен. Осы бір алып құрылыстың жыры жылдарға созылып, мердігерден мердігер ауыса жүріп, ақыр-соңы әупірімдеп аяқталған. Жолды бақандай 4 жылға кешіктіріп тапсырды. 900 шақырым тас жолдың 375 шақырымы, яғни Нұр-Сұлтан қаласынан Ленин кентіне дейінгі аралық өткен жылдың қараша айынан бері ақылы жүйеге ауысты. Автобанның ақылы болғанын қайтейік, бүгінде бас қалаға дейінгі жол бойында мәселе көп.