Сенатор Ерік Сұлтанов жұмыс сапары барысында Шал ақын ауданында Бірлік ауылындағы мешіт құрылысының барысымен танысып, ауыл тұрғындарымен азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді талқылады.
«Ауылды дамыту үшін заманауи технологияларды енгізу ғана емес, кадр тапшылығы мәселесін шешу де маңызды. Жергілікті кадрларды даярлау қажет. Бүгінде мемлекеттік бағдарламалар ауыл тұрғындарының еңбек күші тапшы аймақтарға көшуін көздейді», деп атап өтті Ерік Сұлтанов.
Сонымен қатар депутат республикалық маңызы бар А-16 Петропавл-Жезқазған жолының жай-күйімен және Жаңажол ауылының бірқатар әлеуметтік нысанның жұмысымен танысты. Сондай-ақ су құбыры желілерін жөндеу жұмыстарына назар аударып, басталған істің сапалы әрі уақтылы аяқталуының маңызды екенін атап өтті.
Кездесу барысында депутат жерлестеріне Сенаттың өткен сессиядағы жұмысының қорытындылары туралы айтып, қабылданған заңдардың негізгі нормаларын түсіндірді.
Ал сенатор Владимир Волков Алматы облысының Қарасай ауданында болып, әкімшілік соттың жұмысымен танысты. Сондай-ақ судьялармен кездесу өткізіп, сот төрелігінің сапасын арттыруға және кадрларды іріктеуді жақсартуға қатысты мәселелерді талқылады.
«Соңғы төрт жылдың ішінде ғана заң шығарушы орган сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған 33 заң қабылдады. Сот реформасының негізгі басымдықтары соттарға деген сенімді арттыру, судьялардың жоғары кәсіби деңгейін және азаматтардың сот төрелігіне қол жеткізуін қамтамасыз ету екенін атап өткен жөн», деді Владимир Волков.
Сонымен қатар кездесуге қатысушылар медиация институтын дамытуға қатысты мәселелерді, сондай-ақ сот төрелігінің сапасын одан әрі арттырудың басымдықтарына назар аударды.