Қоғам • 18 Тамыз, 2022
Жаймашуақ жаз шыққанда жайраңдаған жас балалар суға шомылуды әуес көріп өзен-көлді жиі жағалап кетеді. Алайда жан-жағын бағамдай бермейтін балғындар абайсызда жағадан алыстап, ойламаған жерден бойламайтын суға батып кетіп жатқан жайсыз жағдайлар аз емес. Биыл айналдырған үш айдың ішінде, айдың-күннің аманында 60-қа жуық аймаңдай баладан айырылып, қаншама отбасы қайғыдан қан жұтты, қасірет шекті.
Спорт • 18 Тамыз, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Токио олимпиадасы аяқталған бойда: «Ұлттық құраманың Олимпиададағы көрсеткіші спорт секілді аса маңызды салада шұғыл әрі тиімді реформалар жүргізу қажет екенін көрсетті. Ұлттық құраманың бұл көрсеткіші Қазақстанның спорттағы әлеуетіне және мемлекет тарапынан спортты дамытуға бөлініп отырған мол қаражатқа сәйкес келмейді», деп миллиондаған жанкүйердің көкейіндегі ойды дөп басқан еді.
Білім • 18 Тамыз, 2022
Оралдағы қазақ мектептері: Сан да, сапа да өсіп келеді
Орал қаласында «Қазақ мектебіне қадам басайық!» атты акция жүріп, оқушыларды мемлекеттік тілде білім беретін мектептерге тарту үшін үгіт-насихат тобы құрылғанын бұрын жазған едік.
Білім • 18 Тамыз, 2022
Елімізде «жамау» мектеп әлі бар
Жаңаарқада болат жолдың бойында орналасқан Мыңадыр деген ауыл бар. Айтары сол, тұрғындарының бас ауыртқан мәселесі – мектеп. Мектеп жоқ емес. Бар. 9 жылдық – №144 Мыңадыр негізгі мектебі. Сөздің турасына келсек, сыртынан қарасаңыз, мектеп деуге келмейді, төбесіндегі Туға қарап, жақындай келе маңдайшадағы тақтайшасынан оқып барып, аңғарасыз. Бұл мектеп мерекелік шара өткізетін мәжіліс залы, спорт залы, шеберхана дегеннен жұрдай. Дәлізінен екі адам қатар әрең өтеді. Арнайы сынып бөлмелерінде заманауи жабдықтар жоқ. Аядай мектептің сыйымдылығы 60 оқушы болса, онда қазір 130-ға жуық бала білім алады.
Әдебиет • 18 Тамыз, 2022
Үш жыл бұрын Харуки Муракамидің «Норвег орманы» атты романын оқыдым. «Мен құмырсқалардың жаңбырлы күндері не істейтінін білгім келеді». Осы сияқты қызықты сөйлемдер Муракамидің бұл романында көп кездеседі. Қарапайым болғанымен, ойландырады. Біз қазір кітап туралы айтатын болсақ, әдетте «ескі мектеп» өкілдерін еске алып жатамыз, мысалы, Толстойды, Хемингуэйді, Фицджеральдты тізбелей береміз. Бірақ Мураками әрқашан оқырманға қызығушылық тудыратын автор екенін де жасырмаған жөн.