Саясат • 21 Тамыз, 2020
Цифрландыру – жемқорлықтың жолын кеседі
Цифрландырудың жемісі мен жетістігін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған Президенттік жастар кадр резервіне қатысу кезінде сезіндім. Кадрлық резервке іріктеу кезінде барлық үміткер құжатты онлайн тапсырды. Соңғы кезеңге дейін комиссия мүшелерімен жеке кездесу болған жоқ. Байқауға қабылдау, әр кезеңнің тапсырмаларын орындау барысында тек озық технологияны қолдандық. Компьютердің алдында отырдық, камера қосулы болды. Процесс өте қатал болды деуге де болады.
Саясат • 21 Тамыз, 2020
Барлық іс ашық әрі әділ жүргізілуі керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңесте деректер қорын одан əрі интеграциялау жəне мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды жеделдетуге баса мəн беруді тапсырды. Ел Президентінің бұл тапсырмасы ел экономикасы үшін аса маңызды дер едім. Себебі жемқорлықты жеңудің бірден-бір жолы – мемлекеттік қызметтерді цифрландыру.
Қоғам • 21 Тамыз, 2020
Біздің бұл шағын мақаламызға арқау болып отырған азамат – 10 жылға бас бостандығынан айырылып, бүгінде Қызылорда қаласындағы ЗК169/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Бақытжан Есенбаев деген отандасымыз. Оның қолынан шыққан көздің жауын алатын түрлі кемелер макеті талайды тамсандырмай қоймайды. Бүгінде шебердің «қоржынында» кеме, ұшақ және басқа да бұйымдар бар.
Саясат • 21 Тамыз, 2020
Жемқорлықты жоюдың бір жолы – адами факторды азайту
Әлемді әбігерге салған пандемиямен күрес қаншалықты маңызды болса, ел экономикасының еңсесін басқан сыбайлас жемқорлықпен күрес те соншалықты өзекті болып отыр. Заң күшейіп, бақылау қатаңдаған сайын азаюдың орнына, жыл санап көбейіп келе жатқан жемқорлардың саны алаңдатады.
Экономика • 21 Тамыз, 2020
Контейнерлік пойыз Қазақстан арқылы өтеді
KTZ Express ұлттық мультимодальдық операторы «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобына тиесілі терминалды қолдана отырып, жүктерді тиеу мен өңдеуден бастап, меншігіндегі контейнерлерін ұсынуға дейінгі қызметтердің толық спектрін ұсынатын Қытай-Өзбекстан бағытындағы пойыз жөнелтілімін ұйымдастырды.