KTZ Express АҚ 50 қырықфуттық контейнері биыл 7 тамызда Иу Си стансасынан (ҚХР) жөнелтілді. Әрі қарай халық тұтынатын тауарлар тиелген жүк пойыз Алашанькоу шекара бекеті арқылы Достық (ҚР) стансасы, Сарыағаш – Келес (Ресей) және Сергели (Ресей) торабымен жүріп өтті. Пойыз Қытайдан Ташкентке дейінгі қашықтықты транзитпен Қазақстан арқылы 9 күн ішінде межелейді.
– KTZ Express өз алдына логистикалық қызметтердің толық спектрін ұсынуды міндет етіп қояды және де толықтай компания меншігіндегі контейнерлерден құралған Иу – Ташкент бағытындағы пойыз мұның айқын дәлелі. Агенттік желі мен шетелдердегі өкілдіктерді дамыту халықаралық бағыттағы контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру мен жіберудің бай тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда қытайлық серіктестерімізге ыңғайлы болу үшін KTZ Epress қызметтері мен контейнерлік жабдықтары Қытайдың барлық ірі провинцияларында ұсынылған, – дейді «KTZ Express» АҚ басшысы Дмитрий Абдуллаев.