Әлем • 14 Тамыз, 2018
Ақтау саммитіндегі Каспий маңы мемлекеттерінің тарихи келісімі жайында дүйсенбі күні әлемнің көптеген бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазды. «Каспий бестігінің» ортақ мәмілеге келуіне байланысты сарапшылардың да пікірлері жариялануда. Осыдан-ақ бірегей теңіздің құқықтық мәртебесінің айқындалуына күллі әлемнің назары ауғандығын аңғаруға болады. Атап өтерлігі, шетелдік БАҚ негізінен Каспий теңізіндегі қауіпсіздік, мұнай мен бекіре қорына баса мән берген.
Әлем • 14 Тамыз, 2018
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі ауысуы мүмкін
АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні өз әкімшілігіндегі тірек лауазымдарға жаңа қызметкерлер келетіні туралы мәлімдеді. Соның ішінде АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметіне Уильям Мозердің кандидатурасы ұсынылды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады.
Медицина • 14 Тамыз, 2018
Зейнетақымен қамсыздандыру заманға икемді ме?
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында әлем үдерісімен бірге еліміз де технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келе жатқанын атап өтті. Президент өз сөзінде «Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды түбегейлі өзгертуде» деген болатын. Мемлекет басшысы осыған орай бірқатар құзыретті органдарға тапсырмалар жүктеді. Аталған міндеттер өз кезегінде әр салада біртіндеп жүзеге асып келеді. Соның ішінде зейнетақы жүйесінің оңтайландырылуында оң істер баршылық.
«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?
1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?
Спорт • 14 Тамыз, 2018
Әлем чемпионаты Алматыда өтеді
19-26 тамыз аралығында Алматыда футзалдан студенттер арасындағы әлем біріншілігінің жалауы желбірейді. Бұл жарыста ерлердің 16 және әйелдердің 9 командасы күш сынасады. Ерлер сайысында Қазақстан «В» тобында өнер көрсетеді. Топтық турнирдегі қарсыластарымыз – Чехия, Беларусь және Жаңа Зеландия құрамалары.