Білім • 22 Тамыз, 2021
Әлемдегі кез келген ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің басты белгісі – ғылым, білімінің даму дәрежесі. Халқымызбен ғасырлар бойы бірге жасасып келе жатқан «білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген қанатты сөз осының айқын дәлеліндей. Әуелі ұлт білімді болуы тиіс. Сосын: «Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез», деп данышпан Абай айтқандай, білімдінің сөзі талапты ұрпаққа жетуі керек. Сонда ұлт та, ұрпақ та ғаламдық ақыл-ой бәсекесінің алдына шығатын болады.
Спорт • 22 Тамыз, 2021
Еурокубок бәсекелеріне қатысып жатқан Қазақстанның екі командасы өткен аптада плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойындарын өткізді. Биылғы Еуродода ойындарын Чемпиондар лигасынан бастап, үшінші деңгейлі жарыс саналатын Конференция лигасына дейін түсіп қалған Алматының «Қайраты» аталған турнирдің топтық кезеңіне біртабан жақындай түсті. Ал қазақстандық командалар арасында күні бүгінге дейін сенсация жасап келген Қарағандының «Шахтері» үшін күзгі маусымның ауылы алыстап кеткен сияқты.
Тарих • 22 Тамыз, 2021
Биылғы мамыр айында ел газетінде «Кеңес заманында қажыға барған» атты («Егемен Қазақстан» 03.05 2021. ж) Нүркей қажы Биғабылұлы туралы мақаламыз жарық көрген еді. Сол қасиетті сапарға елімізден Нүркей қариямен бірге Хакім Омарұлы мен Еркін Қозыбаев деген тағы екі қазақ азаматы да аттанған. Жуырда осы дүниені газеттен оқып, суреттен әкесінің бейнесін көрген Хакім қажының қызы Хамида апай хабарласып, сол кездегі түрлі кедергіге қарамастан екі мәрте қажылыққа барған әкесі туралы айтып берді.
Экономика • 22 Тамыз, 2021
Ұн экспортынан ұтылғалы тұрмыз ба?
Биылғы астықтың қамбаға құйылар шағында шетін бір жағдай шекені қыздырғалы тұр. Мәселе ұн экспорты туралы. Өздеріңіз білетіндей, біздегі ұнның жартысынан көбі Ауғанстанға экспортталады. Ал бұл елдегі қазіргі ахуал тым күрделі. «Боламыз ба, жоқ әлде бордай тозамыз ба?» деп өткелде тұрған Ауғанстанмен арадағы алыс-берістің жайы не болмақ? Біздегі диқандар мен экспорттаушыларды алаңдатып отырған да осы жайт.
Қазақстан • 22 Тамыз, 2021
БҰҰ-ның Қазақстанға сенімінің айғағы
Таяуда БҰҰ Ауғанстанға жәрдем көрсету жөніндегі миссиясын (UNAMA) Алматы қаласына уақытша орналастыру туралы Қазақстанға өтініш білдірді. Бұл саяси шешімнің еліміз үшін маңызы зор. Сыртқы саясатта жүргізілген көпжақты бейбіт ұстанымымыздың жемісі десек, қателеспейміз.