Өнер • 17 Тамыз, 2022
Өресі биік өнертанушы Мәриям Ахметова туралы не білеміз?
Қазақ қыздарынан бірінші болып өнертанушы, зерттеуші ғалым атанған айрықша талант иесі Мәриям Мұқатайқызы Ахметова 102 жасқа қараған жасында өмірден озды. Ғылыми шығармашылығы өнерсүйер қауымға үлгі-өнеге болған, бір ғасыр жасаған ғалымның табиғи болмысы, қажымас қайсарлығы, ерен еңбегі ел есінде. Кезінде Мұқан Төлебаевтай ұлы композиторға жар болған Мәриям Мұқатайқызы Ахметованың жаны жәннатта, топырағы торқа болсын. Редакциядан
Өнер • 17 Тамыз, 2022
Атақты Балуан Шолақ бабамыздың «Ғалия» әніне себепкер болған Ғалия туралы не білеміз? Шынымен де, әрі балуан, әрі әнші, әрі сері Балуан Шолақты ынтықтырған Ғалия кім болды екен?
Өнер • 17 Тамыз, 2022
Өнер – талант. Өнер – шеберлік. Өнер – талғам. Классикалық өлшемге сыймайтын өнер әлемінің тереңінде түрлі тағдыр, түрлі тарих, мың-сан аңыз жатыр. Тіпті кейде тылсым, таңғажайып оқиғалар да кездеседі. Бұл да мистика.
Өнер • 17 Тамыз, 2022
Бірнеше уақыт бұрын қолымызға түскен Ромен Ролланның «Бетховеннің өмірі» атты кітабы бізді қызықтырған. Бетховеннің шалт, шәлкес мінезі, паңдығы, парасаты еліктірген. Ол бейне бір басқа кеңістікте өмір кешердей, басқа дәуірде жүретіндей. Өзі жасаған өміршең әлемінде.
Таным • 17 Тамыз, 2022
Атам қазақ «ел іші – өнер кеніші» деп бекер айтпаған екен. Дәл осы тұрақты тіркестің растығына жуықта туған жерге барып, сол өлкеде өсіп-өнген ағайындармен болған әңгіме үстінде көз жеткізгендей болдық. Яғни ел аузынан небір қызықты оқиғалар естідік. Әсіресе тау жастанып, жазира жамылып, тұмса табиғаты бұзылмаған өлкеде өмір сүрген халық арасында небір таңғаларлық, тосын қызықты оқиғалар кездеседі екен. Оның дені қасқыр жайлы хикаялар. Соның бір шоғырын газет оқырманына ұсынып отырмыз.