Қазақстан • 13 Тамыз, 2018
Маңғыстауда туризмді дамытуға мүмкіндік мол
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің арнайы назар аударып, қомақты қаржы құюы нәтижесінде жүзеге асырылған Маңғыстау өңірінің көлік-транзиттік, логистикалық дамуын оң бағалап, бұл бағыттағы жетістіктер еліміздің теңіз қақпасына ғана емес, жарқын болашаққа бастайтынын атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы ендігі кезекте өңірде туризм саласын жандандыру қажеттігін айтып, Каспий теңізі жағалауын туристер демалатын орынға айналдыру арқылы тұрғындардың әлеуетін арттыру қажет екендігін жеткізді.
Қазақстан • 13 Тамыз, 2018
Басқа басылымдардан: «Каспий бестігінің» жаңа белесі
Каспий маңы мемлекеттерінің Ақтаудағы саммиті әлемдік ақпарат құралдарының жіті назарында болды. Сыртқы істер министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, Ақтау саммитінен хабар таратуға қазақстандық 150-ден астам тілшімен қатар, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан елдерінің ірі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері көптеп жиналған. 200-ден аса шетелдік журналист ресми тіркеуден өткен. Олардың қатарында Еуропа мен араб елдерінің, АҚШ-тың, Қытайдың беделді телеарналары, ақпарат агенттігі өкілдері бар.
Қазақстан • 13 Тамыз, 2018
Саяси тұрақтылық пен орнықты дамуға серпін береді - сарапшылар пікірі
Халықаралық қоғамдастықтың назарын өзіне аударған, жоғары деңгейде ұйымдастырылған Каспий маңы елдерінің V саммитінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылысымен, сарапшылар қатысушы елдердің құқықтары мен міндеттемелері тұрғысындағы пікірлері мен көзқарастарын білдіруде.
Бесінші саммит және Каспий «бестігі»
Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мемлекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақстанның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатысты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі, теңізде экономика, көлік-транзит, экология, қауіпсіздік және басқа да салалар бойынша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады.
Президент • 13 Тамыз, 2018
Құрық мультимодальды хабы іске қосылды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында 11 тамызда Құрық портындағы паром кешені мультимодальдық көлік хабының таныстырылымына қатысты. Елбасы аталған шара аясында телекөпір режімінде «Құрық порты – «Тажен» шекаралық кеден бекеті», «Құрық порты – «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағындағы құрғақ порты» мультимодальды бағыттар бойынша қатынайтын автомобиль және темір жолдарын іске қосты.