Қоғам • 11 Тамыз, 2023
Сүт тапшылығы туындап жатқанын аймақтағы шаруалар бас қосып, кеңес өткізбесе, біле бермейді екенбіз. Сауын сиырлардың суалып жатқанын айтып шаруалар шыр-пыр күйде. Бұл – ауылдағы ағайынның ғана ақ дәмі азаяды деген сөз емес. Демек, қаладағы дүкен сөрелерінде самсаған қораптағы сүт өнімінің түрлері де сирей бастайды деген қауіптің бары.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2023
Тасөткелге телмірген балықшылар «нәпақамыздан қағылдық» деп дабыл қақты. Су қоймасына ау салатын күнді аңсаған алпыстан аса балықшы жергілікті биліктің тыйым салғанына наразылық білдіріп, бас көтерді. Олар бұл мәселенің жедел шешілгенін қалайды. Кіріс көзінен айырылдық деп шамданған кәсіп иелері биліктен уақытша болса да көлге кіруге рұқсат беруді талап етті.
Білім • 11 Тамыз, 2023
Төрт мектеп түлектері түгел грантқа түсті
Биыл маңғыстаулық түлектердің дүбірі жер жарды деуге болады. Мектеп бітірген 7 436 түлектің 2 660-ы оқу гранттарына, оның ішінде 347 түлек нысаналы грантқа ие болды. Қазіргі таңда облыс әкімінің грантына байқау жүріп жатқанын ескерсек, грант иегерлерінің саны арта түспек.
Мектеп • 11 Тамыз, 2023
Шымкент: Мектептер жаңа оқу жылына дайын
Жаңа оқу жылының қарсаңында Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұргүл Шамшиева мен білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева баспасөз жиынын өткізді. Олар мегаполис 1 қыркүйекте оқушыларды сабаққа қабылдауға дайын екенін баяндады.
Білім • 11 Тамыз, 2023
«Зияткердің» зерделі шәкірттері
Мемлекеттік білім грантын иеленген мектеп түлектерінің қуанышында шек жоқ. Олармен бірге ата-анасы мен мектепте дәріс берген ұстаздарының абыройы бір биіктеп қалды.