Қоғам • 05 Тамыз, 2015
АҚШ-та Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған деректі фильмнің ресми тұсаукесері өтеді
Үстіміздегі жылы 3-12 тамыз аралығында АҚШ-та Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Асқар Тәжиев, сонымен қатар, Ұлттық музей қызметкерлері қатысып жатқан IVLPondemand халықаралық сапарлар бағдарламасы өтуде.