Білім • 11 Тамыз, 2017
Жаңартылған білім оқушы мен мұғалімнің бірлігіне негізделген
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Бәсекеге қабілетті, дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деген болатын. Содан бергі кезең ішінде білім сапасын арттыру, біліктілікті күшейту, сөйтіп ел тәуелсіздігін орнықтыруға ұрпақтың үлес қосу мәселесі алға жылжумен келеді. Әсіресе, өркениетті елдердегі 12 жылдық білім үрдісін біздің Отанымызда да орындау жайы біраз жылдан бері айтылып, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл игілікті іс 2019 жылы 1 қыркүйекте 0+11 моделі бойынша іске қосылатын болады.
Заманмен үндескен заң үстемдігі
Кез келген адам жақсы тұрмыс кешуді қалайды. Ал әр адамның бақуатты өмір сүруі тек өзіне ғана байланысты емес. Оның ойдағыдай еркін еңбек етіп, тұрмыстың небір түйткілдерін еңсеруіне мемлекеттік құрылымдардың ықпалы зор. Ең алдымен, сол мемлекеттік салалар қызметі заң шеңберінде, адам құқының құрметтелуі аясында жүргізілсе, яғни ортақ мақсаттың, ұлттық мүдденің бірлігі мен берекесі көрінбек. Сонда ғана әр адамның еңбегі жанып, мемлекеттің де қаржысы қалыңдай түседі. Осы орайда, Елбасымыздың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы міндеттер халқымыздың қамын қазіргі уақытта және ұзақ жылдар бойына қамдағандық болып табылады.
Қазақстан • 11 Тамыз, 2017
Мекке мен Мәдина жақындай түсті...
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! Алла бұйырса, санаулы күндерден кейін 2500 отандасымыз қасиетті қажылық сапарға аттанады. Жерлестеріміз осы жылы да Астана, Алматы және Шымкент шаһарынан тікелей рейспен Мекке мен Мәдина қалаларына ұшады. Биылғы жылдың басты жаңалығы – Қазақстан қажыларының отандық «SKAT» әуекомпаниясымен тасымалдануы.
Кино • 11 Тамыз, 2017
Ұлттық фильмдер шоғыры көрменің төріне шығады
Жан сарайың идеяларға толып, күш-жігерің жетіп тұрғанымен біреу келіп қолтығыңнан демемесе ақ армандарың артына бір бұрылып қарамай адыра болады. Біз демеушілік көмекті айттық. «Қазақ елі» анимациялық фильмі арқылы әлемнің талай мемлекеттеріндегі фестивальдардан кермені үзіп бірінші келген «Сақ» киностудиясының екінші тынысын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың ашқанын айтқан жөн болар. Тумысынан қазақ руханиятының жаршысы, ұлттық мұраларымызға айрықша қамқорлық танытып жүретін облыс басшысы «Сақ» киностудиясын өзі іздеп келді. «Ақыны әкімін емес, әкімі ақынын іздеген» деген осы шығар.
Қазақстан • 10 Тамыз, 2017
Елбасы кітапханасы БАҚ өкілдері арасында байқауға өтініштер қабылдауда
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы мен Қоры баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасындағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» тақырыбындағы жыл сайынғы ашық конкурсқа қатысуға өтінім қабылдауды жүргізіп жатыр.