Қаржы • 10 Тамыз, 2023
Әртараптандыру межесін меңгере аламыз ба?
Экономиканы әртараптандыру ресурстық-шикізаттық құрылымды бұрын елде өндірілмеген және сыртқы нарықта бәсекелестік артықшылықтарға ие жаңа технологиялық, күрделі өнімдерді жасауға бағдарланған жаңа құрылымға айналдыру арқылы жүзеге асуға тиіс. Бірақ Жоғары аудиторлық палата елімізде жаңа бағыттарды дамытуға жеткілікті көңіл бөлінбей отыр деген пікірде.
Ипотека • 10 Тамыз, 2023
Баспаналы болудың басты жолы – ипотека
Еліміздегі халықты тұрғын үймен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама аясында біраз жан ипотекалық несие арқылы баспанаға қол жеткізіп отыр. Бұл нақты қаражаты жоқ халық үшін де, ипотекалық несиелендіруді жетілдіруде пайыздық мөлшерлемесі жоғары банк үшін де тиімді әрі таптырмас әдіс деуге болады. Ал бағаның тұрақты өсуіне қарамастан, әрбір адам қолжетімді баспанадан дәмелі екені тағы бар.
Экономика • 10 Тамыз, 2023
Арзан шетелдік тауардың арбауы
Ресейден «тағдыр айдап» келген өнім отандық тауар өндірушілерді тығырыққа тіреуде. Биылғы сәуір-тамыз аралығында арпа, кебек, зығыр, күнбағыс, жұмыртқа, қант, өсімдік майы елімізге көптеп ағылған. Оған қоса импорт тауарлардың орташа өзіндік құны да айтарлықтай төмен.
Қаржы • 10 Тамыз, 2023
Мобильді аударыммен төлем жасауға болмайды
Қазір көптеген сауда орнында мобильді аударым арқылы төлем жасау кеңінен таралып тұр. Жеке кәсіпкерлік нысандары да ұсынылған қызметтер мен тауарлар ақысын осы мобильді аударым арқылы алуды жөн көреді. Ендігі ретте төлемді мұндай жолмен жасау – заңға қайшы.
Қаржы • 10 Тамыз, 2023
Шілде айының қорытындысы бойынша теңге бағамы долларға шаққанда 445,89-ға дейін, яғни 1,4%-ға нығайды. Жалпы, бұл ай ұлттық валюта үшін позитивті болды. Нығаю үрдісіне мұнайға белгіленген бағаның өсуі және бейрезиденттер қаражатының мемлекеттік бағалы қағаздарға салынуы әсер етті.