Бизнес • 10 Тамыз, 2023
Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан жастарды қолдауға бағытталған шаралар ауқымды десек болады. Өскелең ұрпақтың келешегі тікелей елдің болашақ тағдырын шешетін фактор екенін ұмытпаған абзал. Жастардың жағдайын жасау оларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру және жұмыспен қамтамасыз етіп, жеке кәсіппен айналысуына мүмкіндік қарастыру деп түсінеміз. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі таңда ел жастарының өз идеясын жүзеге асыруына мүмкіндік көп. Әсіресе бизнес идеясы бар жас азаматтарды қаржылай қолдауға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен бастама көтеріп, жастар саясатының қоғамдағы маңыздылығын еселендіре түсті.
Қоғам • 10 Тамыз, 2023
Қоғам • 10 Тамыз, 2023
Мектеп формасына қаржы бөлінді
Жаңа оқу жылы жақындаған сайын ата-аналар үшін қауырт науқан басталары сөзсіз. Әсіресе қымбатшылық қысып тұрған тұста балаларды бүтіндеудің проблемасы азая қоймасы анық. Осы түйткілді мәселенің түйінін тарқату үшін өңірлерде оқушыларды мектеп формасымен қамтамасыз ету шаралары жүзеге асып жатыр.
Қоғам • 10 Тамыз, 2023
Көпірін ойлаған елдің көңілі алаң
Көктем Көкшеге қарбалас ала келеді. Қызыл су жүріп, өзен аңғары сеңге толып, лықси бұлқынған, ақбас толқыны аспанға атқан сәтте өткел іздеген жұрттың өкпесі қара қазандай болып жүрері бар.
Абай • 10 Тамыз, 2023
Абай есімі әлемнің бірнеше елінде салтанат құрған
Бүгін Абай Құнанбайұлының туғанына 178 жыл толды. Ұлы ақынның есімі әлемде салтанат құрғандығын бірнеше елдердегі ойшылдың құрметіне арналған көшелер мен ескерткіштер аңғартса керек, деп хабарлайды Egemen.kz.