Аймақтар • 20 Тамыз, 2020
Офицер мамандардың ұстаханасына айналған Ұлттық ұлан әскери институты Үкімет қаулысымен өз есігін 1997 жылдың 18 наурызында Петропавл қаласында ашқан болатын. Сол жылдың 20 желтоқсанында оқу орнына еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келіп, жеке құрамға Жауынгерлік туды табыстаған еді. Сол кезде сардарлар мен курсанттар алдында сөз сөйлеген Елбасы: «Солтүстік өңірдің қатаң климатында білім алып, тәрбиеленген курсанттар әбден шыңдалып, еліміздің офицерлер корпусын лайықты толықтыратынына сенімдімін» деген болатын. Осы уақытқа дейін әскери оқу орны 3,5 мыңнан аса офицер маманды даярлап, ел әскері қатарына қосты. Олардың дені бүгін Ұлттық ұлан әскери бөлімдері мен батальон звеносында қызмет етсе, кейбір алғашқы түлектер полковник шеніне жетті.
Футбол • 20 Тамыз, 2020
Еурокубок: «Астана» ойсырай жеңілді
Футболдан еліміздің алты дүркін чемпионы, елорданың «Астана» клубы Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңін сәтсіз бастады. Сырт алаңда Беларусьтың «Динамо Брест» командасымен кездескен жерлестеріміз 6:3 есебімен ойсырай жеңілді. УЕФА-ның биылғы ережесі бойынша командалар іріктеу кезеңінде әдеттегідей екі кездесу емес, бір-ақ матч өткізеді.
Спорт • 20 Тамыз, 2020
Қазақстандық «Астана» велокомандасының ресейлік шабандозы Александр Власов бір күндік «Джиро д’Эмилия» жарысында бас жүлдені олжалады.
Президент • 20 Тамыз, 2020
Қасым-Жомарт Тоқаев: Негізгі мақсат – жемқорлықты түбегейлі жою
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңесте Президент сыбайлас жемқорлық жағдайларының саны әлі де азаймай тұрғанын атап көрсетті.
Қоғам • 19 Тамыз, 2020
Қазақстандықтар қандай медициналық көмекті тегін ала алады?
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтарға қандай медициналық көмекке сенім артуға және қандай қызмет түрін қор есебінен алуға болатынын түсіндірді", деп хабарлайды Egemen.kz МӘМС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.