Спорт • 09 Тамыз, 2016
Рио-2016: Боксшы Жәнібек Әлімханұлы бірінші жеңісіне жетті
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындардағы бокс турнирінің 1/16 финалдық кезеңінде 75 кг салмақ дәрежесіндегі қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы ұлыбританиялық Энтони Фоулерді айқын басымдықпен жеңіп, 1/8 финалға қадам басты.