Парламент • 09 Тамыз, 2023
Парламент Сенатының депутаты Бауыржан Қаниев Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында болды. Сапар аясында аудандық мәслихат депутаттарымен, ауылдық округ әкімдерімен, мектеп және балабақша меңгерушілерімен кездесті.
Саясат • 09 Тамыз, 2023
Халық толғандырған мәселелер – Үкімет назарында
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Қарағанды облысында балалардың жаппай улану жағдайы, сондай-ақ су тасқынына, көші-қон мәселелері мен бір жылда 1 000 мектепті жаңғыртуға қатысты проблемалар қаралды.
Қоғам • 09 Тамыз, 2023
Астық келісімі: Үміт пен күдік
Қара теңіз арқылы Украина астығын қауіпсіз аумаққа тасымалдау келісімі жанданса, Ресейге азық-түлікті емін-еркін экспорттауға мүмкіндік беріледі. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысынан кейін осылай деп мәлімдеді.
Қазақстан • 09 Тамыз, 2023
Қазақстан – Солтүстік Македония: Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық
Биыл Солтүстік Македония Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық етіп отыр. Аталған ұйым – қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын әлемдегі ең ірі өңірлік ұйым екенін ескерсек, Солтүстік Македония қылмыскерлермен күрестің шешімін тапқан бірден-бір мемлекет. Қазақстан бұл елмен осы және экономикалық бағытта ынтымақтастық орнатты. 11 тамызда Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі Буяр Османи Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бірқатар келіссөз жүргізіледі деп жоспарланып отыр.
Қазақстан • 09 Тамыз, 2023
Тұрақтылық пен келісімнің бесігі ретінде шартарапқа танылған Қазақ елі әлемге бейбітшілік миссиясын рухани тұрғыда да, іс жүзінде де атқарып келеді. Рухани тұрғыда дейтініміз, 2003 жылдан бері біздің бастамамызбен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі жеті мәрте өтіп, өзара тату болу өнегесі насихатталғанын көпшілік біледі. Ал іс жүзінде еліміз 1992 жылдан бері әлемнің әр түкпіріндегі отты нүктелерге өз жауынгерлерін жіберіп, бітімгерлік міндетін атқарып жатыр.