Арыстың алғысын арқалап қайтты
Арыс қаласындағы айтып келмеген апат Арқа жұртын бей-жай қалдырмады. Төтенше жағдай туралы ақпарат жеткен бетте Қарағанды облысы алғашқылардың бірі болып арыстықтарға қол ұшын беруге асыққан болатын.
Қоғам • 12 Тамыз, 2019
Шенеуніктің көптігі пайда ма, зиян ба?
Әрбір адамның өзіндік ерекшелігі болатыны сияқты әр мемлекетте де өзіндік ерекшелік бар. Кешегі Кеңес Одағынан шыққан елдердің бір ерекшелігі сол – біздерде шенеуніктер отряды орасан зор. Бұл бізге бюрократиялық социалистік жүйеден қалған мұра. Ол кезде дүниенің бәрі өкіметтікі, меншік те тек мемлекеттікі болған соң, бақылау көп болсын деген болуы керек, шенеуніктерді қаптатып жіберген. Соның зардабын әлі де белшеден кешіп келеміз. Кейде бұл кесел тіпті асқынып кетеді.
Экология • 12 Тамыз, 2019
Еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жайық өзені жағалауының ластануы фактiсi бойынша жүргізілген тексеріс нәтижесі жөніндегі ақпаратты жариялады. Бұл туралы аталған министрліктің Facebook-тегі парақшасында жарияланды.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2019
Алакөл жағалауларына орталық кәріз жүйесі керек
Алакөл – еліміздің інжу-маржаны. Әлемде сирек кездесетін су бассейндерінің бірі. Шомылған жанның санасын сергітіп, тәніне айрықша қуат, сырқатқа шипа беретін Алакөлдің минералға бай суынан бөлек табиғи ландшафты да көркем. Шығысында Барлық жотасы, батысында Тоқта тауларының етегін күмістей толқындары шайып жатыр. Бұл – байлық. Бірақ шектеулі байлық. Аялап пайдаланбасақ айырылып қалуымыз оп-оңай.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2019
«Су анасы – бұлақ» дейді халқымыз. Өткел бермейтін арынды, асау өзендердің өзі бастауын бұлақтан алады. Бұлақ көрсең – көзін ашудың өзектілігі де осында болса керек. Еліміздің қай өңірінде де бүгінде бұлақ көздерін түгендеп, оны қорғау ісін қолға алудың қажеттілігі айқын көрінеді.