Өнім • 13 Тамыз, 2024
Азық-түлік өндірушілерге қолдау қажет
Азық-түлік қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздіктің аса маңызды бөлігі. Нақты мәліметтерге қарағанда отандық азық-түлік өндірушінің ісі әлі күнге оңалар емес. Биыл да сауда орындарының сөрелерінде импорттық тауардың саны мен көлемі жергілікті өнімнен біршама көп болып тұр. Жер емген диқан мен шикізатты өңдеп сауда сөресіне жеткізетін отандық кәсіпкерлер мемлекеттік қолдаудың әлі де олқы тұстары бар екенін айтады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен азық-түлік қауіпсіздігін алға шығарған Үкімет бұл салада тағы да батыл қадамдар жасауы керек.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2024
Бұқтырма су қоймасының қос жағалауынан басталған көпір құрылысы түйісіп, көпшілікті қуантты. Айта кетейік, Президенттің тікелей тапсырмасымен салынып жатқан көпір бір емес, төрт ауданды облыс орталығымен жалғайды.
Өндіріс • 13 Тамыз, 2024
Байсерке балмұздағы Сауд Арабиясында сатылады
Азия нарығындағы ең ірі балмұздақ өндіруші, сонымен қатар шетел нарығына отандық балмұздақты жеткізуші болып саналатын «Шин-Лайн» компаниясының жетістігі көп-ақ. Алматы облысының Байсерке аулында орналасқан фабрикада осы күні заманауи балмұздақ өндірісі шоғырланып, сүт өнімдері, мұздатылған жартылай фабрикаттар, қамыр, әртүрлі кеспе шығару жұмыстары жолға қойылған.
Ұлттық спорт • 13 Тамыз, 2024
Сүйінші! Далалық құндылықты қастерлеген этноспорт додасы елорда төрінде, қалалық өркениеттің өрісінде керуен тартпақ. 8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары жалауын желбіретеді. 89 елден келетін 2 мыңнан аса саңлақ 21 спорт түрі бойынша додаға қосылады. Одан сырт мәдени мұра, ұлттық құндылықты дәріптейтін іс-шаралар өткізіліп, төл өнердің өрісін кеңейту бағытында ғылыми конференция, талқылау жиыны ұйымдастырылады.
Қоғам • 13 Тамыз, 2024
Оңтүстіктен қоныс аударған кейбір ағайын солтүстіктің қытымыр қысына шыдай алмайды. Олардың кейбірі біраз тұрып, қайта көшіп кеткен соң қыстың суығын асыра сілтеп айтып, көшкісі келгендерді үркітіп, қорқыта сөйлейтіндері де бар. «Адам тұратын жер емес, боранының қаттылығы сондай, екі үйдің арасына арқан тартып қойып, содан ұстап қатынайды. Болмаса адасып кетеді», деп шектен асырып жіберетіндердің барын да естідік.