Медицина • 07 Тамыз, 2017
Кезінде жүзім шаруашылығымен аты шыққан Байзақ ауданының Чапаев совхозы бұл күнде Темірбек ауылдық округі болып аталады. Байзақ ауданының өзі Кеңес Одағының заманында Свердлов ауданы еді. Ал еліміз Тәуелсіздік алып, өз алдымызға шаңырақ көтерген кезде қазақ даласындағы орыстанған көптеген атаулар өзгертіліп, қазақша қалыпқа түскені белгілі. Ал бүгінгі таңда Тегістік, Сарыбарақ және Шахан елді мекендері Темірбек ауылдық округіне қарайды. Ауылдық округ бойынша 2400 тұрғын бар. Алайда жұртшылықпен жүздесу кезінде мұнда елді алаңдатқан, халықтың көкейінде жүрген көптеген мәселелер бар екеніне көз жеткіздік. Бір сөзбен айтқанда, бүгінде бұл жерлер картаға түспеген елді мекендер сияқты күй кешіп отыр...
ЭКСПО-2017 • 07 Тамыз, 2017
Көрменің екі миллионыншы көрермені
Әлемнің 115 мемлекеті қатысып жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін тамашалауға келген 2 миллионыншы қонақтың кім екені шараның 56-күні анықталды. Ол – Орал қаласының тұрғыны, өндірістік сала қызметкері, 34 жастағы Ғайса Жұмалиев. Құрметті көрермен өзінің көрменің 2 миллионыншы қонағы болатынын мүлде ойламаған. Сәтті билеттің иесі ЭКСПО аясында өтіп жатқан Батыс Қазақстан облысының мәдени күндеріне іссапармен келген және қалашық аумағында өтетін оралдық өнерпаздардың концертіне кешкі билет сатып алған.
Медицина • 07 Тамыз, 2017
Азаматтық қоғам – билік пен халық арасындағы алтын көпір
Азаматтық қоғамды дамыту демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың маңызды шарты болып табылады. Қоғамдық өрлеу, демократиялық даму, экономикалық өркендеу азаматтардың қоғамдағы тыныс-тіршілігінің барлық маңызды салаларына қатысқан жағдайда ғана мүмкін болады. Ал билікке деген сенім мен құрмет – татулық пен келісімнің, саяси тұрақтылықтың және орнықты дамудың берік іргетасы. Бүгінде елімізде үкіметтік емес ұйымдарды нығайту жүйелі және үдемелі сипатқа ие болды деп нық сеніммен айта аламыз
Театр • 06 Тамыз, 2017
«Елорда мәдениеті» елге не береді?
Астаналық театрлардың басшыларымен болған кездесуде Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қала әкімінің тапсырмасымен алдағы үш-бес жылға арналған «Елорда мәдениеті» бағдарламасы әзірленгенін хабарлады. Елордалық театрлардың тыныс-тіршілігі, материалдық-техникалық базасы, репертуарлық саясаты сөз болған жиында мәдениеттің мән-маңызына назар аударылды.
Жеңіл атлетика • 06 Тамыз, 2017
ШҚО әкімі велошабандоздармен бірге 25 шақырымды жүріп өтті
Бүгін Өскеменде «Қазақстан оқушысы-2017» велокөпкүндігінің салтанатты ашылу рәсімі өтіп, балғын шайтан арба шеберлері жарысты бастап кетті.