Театр • 06 Тамыз, 2017

«Елорда мәдениеті» елге не береді?

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 Астаналық театрлардың басшыларымен болған кездесуде Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қала әкімінің тапсырмасымен алдағы үш-бес жылға арналған «Елорда мәдениеті» бағдарламасы әзірленгенін хабарлады. Елордалық театрлардың тыныс-тіршілігі, материалдық-техникалық базасы, репертуарлық саясаты сөз болған жиында мәдениеттің мән-маңызына назар аударылды.

«Елорда мәдениеті» елге не береді?

− Бұл күндері театрлардың күнделікті өмірі мәселесін қарап жатқан бюджеттік комиссия мүшелерінде салаға қатысты бірқатар сұрақтар туындауда. Елордалық театрлардың материалдық-техникалық базасынан бастап шығармашылық деңгейі, өнер ұжымдары мен әртістердің халық арасындағы танымалдылығы, жалпы алғанда олардың қазақстандық сахна өнеріндегі орны қандай деген мәселе алдымыздан шықты, –деді Ермек Аманшаев.

 Қала әкімінің орынбасары Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына тоқталып, осы орайда елордалық театрлардың да аталмыш бағдарламаға үлес қосу керектігін айтып өтті. Алда келе жатқан Астананың 20 жылдық мерейтойына театрлар қазірден дайындалу керектігін жеткізді. Қалалық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының театрлармен жұмысын ширату қажеттігіне назар аударды. Бұл орайда «Елорда мәдениеті» бағдарламасы аясында жүзеге асуы тиіс шаруаларға тоқталды.

 Жиында М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық Орыс драма театрының директоры Еркін Қасенов, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрының директоры Айболат Сексенбаев, «Жастар» театрының директоры Ернар Жұматаев пен көркемдік жетекшісі Нұрқанат Жақыпбай, «Наз» мемлекеттік би театрының директоры Сұлтан Срайыл, Қуыршақтар театрының директоры Тоғжан Хасанғалиева театрлардың тыныс-тіршілігімен, түйткілді мәселелерімен таныстырды.

Айгүл СЕЙІЛ,

«Егемен Қазақстан»