Сұхбат • 09 Тамыз, 2019
Нұрлан Санжар: Әдебиет – терең әрі мағыналы әлем
– Нұрлан Санжарұлы, жақында жарыққа шыққан «Жошы – күтпеген қонақ» тарихи романыңыздың сюжеті киноға сұранып тұрғанына мазмұнының оқылымды, тартымдылығына қарап аңғардық. «Тарихи роман тақырыбын таңдау ойы қайдан туындады?» деген сұрақтың жауабын өзіңізден естісек деген едік...
Аймақтар • 09 Тамыз, 2019
Отырар қайта ойрандала бастады ма?
Дүниежүзіне даңқы кеткен көне шаһарымыздың бірі – Отырар. Ескіше айтсақ, Түркістанда, жаңаша бағамдасақ, Орталық Азияның орта ғасырлық тарихында аса маңызды рөл атқарған қаланың дәл өзі осы «соры қайнаған» Отырар. (Неге соры қайнаған? Оған дабыл мақаланы оқу барысында көз жеткізесіз.) Басқасын былай қойғанда, Отырар ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің Отаны райында да дүние-ғаламға кең танымал. Көне деректер қаланың тарихтың бір кезеңдерінде күллі түріктің, Түркістан атты тарихи аймақтың астанасы болғанын айғақтайды.
Қоғам • 09 Тамыз, 2019
Ақсаусақ ұрпақ немесе келінімнен «келинкам» жақсы
Тіршілік толқынында бір-бірімен ұштаса қарбасқан қаншама мәселенің тасасында қалған тағы бір жай бар. Бұл жас ұрпақты адал еңбекке баулу, сол еңбектің дәмін татыру, қадірі мен қасиетін ұғындыру.
Әлем • 09 Тамыз, 2019
Осыдан 9 ай бұрын Lion Air компаниясының ұшағы құлап, жолаушылар мен экипаж мүшелері түгел қаза тапты. Биылғы наурызда Ethiopian Airlines компаниясына тиесілі әуе кемесі апатқа ұшырап, 157 адам опат болды. Ұшақ апаты шартараптың бұрыш-бұрышында болып тұрады ғой. Мәселен, жыл сайын кемінде 100 осындай оқиға тіркеледі екен. Алайда жоғарыда айтып өткен екі апат әлемді дүр сілкіндірді. Себебі екі ұшақ та Боинг-737 ұшағының MAX нұсқасына жатады. Әрі қолданысқа берілгеніне аз уақыт қана өткен еді.
Қоғам • 09 Тамыз, 2019
Қайырымдылық қорларының жұмысын кім бақылайды?
Қазақ қашанда көмекке әзір. Оны дәстүріміздегі асардан бастап, күні кешегі Арыстағы жарылыстан соң жұмыла бас қосқан елден байқауға болады. Соңғы кездері халық «кең болсаң, кем болмайсың» деп, көмек керек дегеннің көпшілігіне жәрдемдесіп, сұрағанның қолын қайтармай келеді. Алайда жеке пайдасы үшін қайырымдылық атын жамылып, қарақан басын ойлайтындар мен «көмекке мұқтажбын» деп алдайтындардың саны көбейіп барады. Қайырымдылық қорлары мен ұйымдарының жұмысын кім қадағалап, қай мекеме реттейді?