Қоғам • 07 Тамыз, 2023
Күмбезді зират пен алтынмен апталған бейіт құлпытасы тірілер арасында бәсекеге айналғанына қоғам 2015 жылдан бастап назар аудара бастаған-ды. Қазіргі кезде ақырет мекенге де көк тиынсыз кіре алмайтындай жағдай қалыптасып тұр.
Қоғам • 07 Тамыз, 2023
Қамкөңіл жандарды тегін тасымалдайды
Қамкөңіл жандарды қолдау – қоғамға ортақ міндет. Қыркүйек айынан бастап Алматыда ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған «Инватакси» жобасы кең ауқымда іске қосылады. Бастапқы екі айда қанатқақты жоба ретінде жүзеге асатын бастама мұқтаж жандарға үлкен көмек болғалы тұр.
Қоғам • 07 Тамыз, 2023
Аналарды ынталандыратын төлемдер
Бүгінде елімізде Президенттің тапсырмасымен ана мен бала денсаулығын жақсартуға және олардың әлеуметтік жағдайын оңалтуға бастайтын оң өзгерістер байқалып жатыр. Атап айтқанда, бала күтіміне берілетін жәрдемақының 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұзартылуы, босанған аналар алатын бірреттік жәрдемақы көлемінің өсуі, тіпті декреттік демалысқа шыққанда рәсімделетін төлемдердің де едәуір артқаны ел демографиясына біртіндеп серпін беретіні анық.
Қоғам • 07 Тамыз, 2023
Астанадан 80 шақырым жердегі Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Сабынды ауылдық округіне қарасты Қараегін елді мекенінің ақсақалы Тілеубек Ысқақов газет редакциясына хабарласып, 500-ге жуық халқы бар ауыл аптап ыстықта ай бойы ауыз сусыз отырғанын айтқан еді. Осыған орай аталған ауылға арнайы барып, жағдаймен танысып қайттық.
Білім • 07 Тамыз, 2023
Жаны жай тауып, жазғы демалыстың рақатын сезіне алмайтын жандар бар. Олар – мектеп түлектері мен олардың ата-аналары. Әуелі ұлттық бірыңғай тестілеу деп тақым қысса, одан кейін «мемлекеттік грант бұйырар ма екен» деп әрі-сәрі күй кешеді. Сонымен 5 тамыз күні мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды.