Қоғам • 07 Тамыз, 2023
Кезекті оқу жылынан кейінгі жазғы демалыс оқушы үшін де, ұстаз үшін де жанның дәруі екені белгілі. Әсіресе арқаны кеңге салып, достармен арқа-жарқа болып асыр салатын балалар бұл сәтті асыға күтеді. Ал жазғы демалыс босқа өтпей, мәнді де мазмұнды өрілсе, зор бақыт. Бұл орайда жазғы лагерьлердің орны айрықша.
Қоғам • 07 Тамыз, 2023
Оқушыларды қолдауға арналған акция
Көп кешікпей жаңа оқу жылы да басталады. Жақында ғана 1-сыныпқа қабылдау аяқталды. Биыл 339 880 бала мектеп табалдырығын аттайды. Ал республика бойынша 3 млн 500 мыңнан аса білім алушы бар. Осыған орай жыл сайын мұқтаж ата-аналарға балаларын мектепке дайындау үшін мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2023
Инвестиция игілігі – тарифтен түскен табыс
Мемлекеттің дамуына қажетті жағдайдың бірі – инфрақұрылым. Жолы жөнделмеген, коммуналдық-инженерлік жүйесі толық қамтылмаған елді өркениеттің көшіне ілесіп кетуі неғайбіл. Дамыған мемлекеттер қалайша осы дәрежеге жетті? Әлбетте оған көптеген алғышарт себеп болды. Соның ішінде инфрақұрылым жүйесі ең басты рөл ойнайды.
Абай • 07 Тамыз, 2023
«Ақсұңқар құстың баласы Ұяда алтау болмас па?»
Бұл тәмсіл Бұқар жырау Қалқаманұлының «Айтар болсаң, Алланы айт» деген жырынан желі тартады. Ол кемеңгер Абайдың «Сегізаяқ» өлеңіндегі «атадан алтауға» қатысты «түйткілдің» сырына сәуле түсіреді. «Ұяда алтау болғанмен, Оның ішінде біреуі-ақ алғыр болмас па? – дейді бұдан әрі ұлы жырау, – Алғырының белгісі / Ұзақтан жемді ілмес пе?». Біздің жанарымызды байлай беретіні де жырдың осы тұсы. Әсіресе «алтау» сөзі: «Адамзаттың баласы / Атадан алтау тумас па? Атадан алтау туғанмен, Оның ішінде біреуі ғана арыстан болмас па?».
Мәдениет • 07 Тамыз, 2023
«Тереземді ұрмаңдаршы, тамшылар»
Мелодия адам баласын еліктіріп қана қоймайды, кейде тіпті ерітіп, елжіретіп те жібереді. Өйткені сазда да сөз бар. Ал әні мен сөзі қатар үйлескен шығарма кімді де болсын, бейжай қалдырмайтыны анық. Оған ешкімнің таласы жоқ та шығар.