Шымкент • 10 Тамыз, 2024
Республиканың үшінші мегаполисінде ауқымы үлкен жылыжай кешені бой көтереді. Осынау маңызды жоба Түркия инвесторларымен бірлесіп жүзеге асырылып отыр. Құрылыстың басталуына орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Alarko Holding» компаниясының президенті Йылдыз Умит Нури болашақ кешеннің іргетасына капсула салу рәсіміне қатысты.
«Таза Қазақстан» • 10 Тамыз, 2024
Мәңгілік мекен – қорымдардың тазалығына мән бере қоймайтынымыз жасырын емес. Осы олқылықтың орнын толтырып, Ұлытау облыстық дін істері басқармасының ұйытқы болуымен «Таза Қазақстан» жобасы аясында «Қорым да таза болсын!» деген тақырыппен облыс қорымдарында сенбілік өтті.
Аймақтар • 10 Тамыз, 2024
Биыл Алакөл көлінде демалушылардың қатары көп. Осы ретте «Алматы – Өскемен» республикалық тасжолының маңызы зор. Туристер неғұрлым көп болған сайын халық жиі қатынайтын жол жиектері қоқысқа толатыны белгілі. Сондықтан жетісулықтар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өңірдегі республикалық жолдардың бойында тазалық іс-шараларын жүргізді.
Технология • 10 Тамыз, 2024
Жаңа суперинтеллект жұмысын бастады
Әлемдегі ең беделді жасанды интеллект зерттеушілерінің бірі, ғалым Илья Суцкевер «Safe Superintelligence Inc» деп аталатын жаңа стартапты іске қосты. Биылғы мамыр айында өзі негізін қалаушылардың бірі болған «OpenAI» компаниясынан кететінін хабарлаған ол көп ұзамай жаңа жобасын қоғамға көрсетті.
Қоғам • 10 Тамыз, 2024
Цифрлық хабарға кезең-кезеңмен көшеміз
Цифрлық әлем толассыз өзгеріп жатыр. Заманауи технологияның құбылуы телевизия саласын да айналып өтпеді. Елімізде аналогтен цифрлық телевизиялық хабар таратуға көшу 2018 жылы басталып, халықтың 93 пайызын қамтыған еді. Енді елде аналогті хабар тарату 2025 жылы біржола тоқтайды деп көзделіп отыр. Алдымыздағы 1 қыркүйектен бастап еліміз цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға (ЦЭТВ) кезең-кезеңімен көшу жалғасады. Бұл жолы тізімге ішінара Шығыс Қазақстан, Абай, Атырау облыстарының елді мекендері кіреді. Құтты қадам телевизия бағдарламаларын көруді осы өңір тұрғындарына бұрынғыдан да қолжетімді әрі сапалы етуге бағытталған.