Абай • 10 Тамыз, 2024
Ғибадат (Он екінші сөз) Иман ұғымы қазақ санасына ислам діні арқылы енгенмен, келе-келе ар, білімнің басты ұғымына айналған. Халқымыздың жақсы жанды иманжүзді дейтіні де содан. Мұсылмандық түсінікте иманды адам ғибадатсыз болмайды.
Құрылыс • 10 Тамыз, 2024
Құрылысшыларға елдің құрметі жоғары
Құрылыс саласы еліміздің тұрмыс сапасы мен әл-ауқатының артуына және барша азаматтың баянды болашағын қамтамасыз етуге тың серпін беріп келеді. Құрылысшы қауымның қажырлы еңбегінің арқасында сәулетті де әсем ғимараттар бой көтеріп, әлеуметтік нысандар көптеп салынып жатыр. Сондықтан кәсіби мереке қарсаңында олардың табанды еңбегіне тиісті құрмет көрсетіледі. Мемлекет бұл үрдістен жаңылған емес.
Аймақтар • 10 Тамыз, 2024
400-ден астам жаңа үй тапсырылады
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтөбе облысы Темір, Мұғалжар, Ойыл, Қобда, Ыргыз, Әйтеке би аудандарының ауылдарында болды.
Жастар • 10 Тамыз, 2024
«Ассамблея жастары» халықаралық ұйымдармен ықпалдастық орнатуға ниетті. Осы мақсатта ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының және «Ассамблея жастары» ұйымының қызметін таныстыру жоспарланды. Оң бастама ұйымның Халықаралық Жастар қауымдастығы құрамына енуіне жол ашады. Бұған еліміздің Сыртқы істер министрлігі септеседі.
Саясат • 10 Тамыз, 2024
Мақсат – ортақ медиа-платформа құру
Орталық Азия елдеріне ортақ өңірлік медиа-платформа жасақталады. Бұл туралы Астанадағы Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан елдерінің БАҚ мәселелері бойынша уәкілетті органдарының консультативтік кездесуінде айтылды. Мақсат – ақпарат кеңістігіндегі байланысты күшейтіп, түрлі сын-қатерге бірлесе қарсы тұру.