Шахмат • 09 Тамыз, 2024
Астана қаласында шахматтан командалық әлем чемпионаты мәресіне жетті. Бірнеше күн бойы әлемнің таңдаулы гроссмейстерлерінен жасақталған 39 команда (315 шахматшы) «Freedom Holding Corp.» бас серіктес болған ой додасының көрігін қыздырды.
Туризм • 09 Тамыз, 2024
Берекелі жерден қонақ арылмайды
Алматы маңындағы туризмге жайлы аудан, ауылдарға саяхаттайтын ел азаматтары, шетелдіктер көп-ақ. Ал Астанаға сапарлаған жұрт Бурабай курорттық аймағынан әрі аса алмай жатады. Елорданың ауа райы оңтүстіктегі өлкелерге қарағанда салқын, жауын-шашынды болғанымен, туристерге көрсететін көрікті жерлер баршылық. Өйткені Ақмола – сыры бүгулі жатқан елді мекендер өңірі. Осыны елеп-ескерген кейбір кәсіпкерлер экотуризм, этнотуризм, агротуризмді дамытуға мән бере бастады.
Олимпиада • 09 Тамыз, 2024
Францияның Париж қаласында өтіп жатқан ХХХІІІ жазғы Олимпия ойындарында қанжығамызға қос медаль байланды. Грек-рим күресінің финалына жеткен Демеу Жадыраев (77 кг) пен бокстан бас жүлдеге таласқан Нұрбек Оралбай (80 кг) төрт жылда бір айналып соғатын ұлы аламанның алтынынан қол үзіп, күмісті місе тұтты.
Музей • 09 Тамыз, 2024
Күреңбел өңіріндегі көркем бір дүние – Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейі. Мемлекет басшысы Жетісуға сапарында бірқатар мәселені айшықтап, облыс әкіміне әр алуан тапсырма жүктеген. Соның бірі – ұлы саяхатшы жамбасы тиген топырақты түлетіп, барша жәдігерінің құтты мекеніне айналған музей жұмысын жандандыру еді. Бүгінде мұражай жаңа кейіпке еніп, екі мыңнан астам адам қабылдап үлгеріпті.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2024
Мақсат – Ақтауды айшықтай түсу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласының бас жоспарын қайта қарауды және жағажай туризмін дамытуды тапсырған еді. Оның үстіне былтыр Әзербайжанның Шуша қаласында өткен Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымына мүше мемлекеттер отырысында мәдениет министрлері шешімімен Ақтау қаласы 2025 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы атанды. Бұл мәртебе теңіз жағасындағы жалғыз қала үшін даму мен көркеюді жаңғыртуды қажет етеді.