Тарих • 07 Тамыз, 2019
Бірнеше айдың алдында елордадағы Қазақстан Қарулы күштері Әскери-тарихи музейінің көшпелі көрме ұйымдастырылатын төменгі экспозиция залында, қазақ тарихына қатысты Омбы мұрағатынан жеткізілген, ХVIII ғасырға тән құжат-хаттарды көріп көзайым болған едік. Осындағы құнды жәдігерлер қатарынан қазақ ханы Абылайдың әр жылдары Қытай елінің императоры Цияньлунға жазған хат-хабарлары орын алыпты.
Тарих • 07 Тамыз, 2019
Арқаның асты-үсті тұнған тарих
Қарағандылық танымал тарихшы Игорь Кукушкин Арқа төсі бірнеше мыңдаған жыл бұрын қола дәуір мәдениетінің орталығы болған деген нартәуекел пікірді нық сеніммен айтады. Ғалымның бұл турасындағы дәлел ретінде келтірер уәжі өзінің қисындылығымен назар аудартады.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2019
70 өзен-көл жағасы қоқыстан тазартылды
#Birge #Taza Qazaqstan экологиялық акциясы облыста 27 шілдеде басталған-ды. Осы уақыт аралығында өңірдегі су қоймалары мен демалыс аумақтарынан тонналаған қоқыс шығарылды. Әсіресе акцияның екінші аптасына аймақ тұрғындары белсене қатысты. Бұл жолғы тазалық шарасына 30 мыңға жуық адам жиналды. Семей 13 мың адаммен көш бастаса, Өскеменде – 7350, Алтайда 2312 адам қолдарына күрек-тырма ұстады.
Экология • 07 Тамыз, 2019
Данияр Әлиев: Экология – өндірісті өңірде өте өзекті
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Қоршаған ортаның қазіргі мүшкіл хәлі – көпшіліктің көкейіндегі мәселе. Сондықтан елімізге бірыңғай экологиялық саясат қажет. Қоршаған ортаны қорғау жүйесіне серпін беретін жаңа Экологиялық кодекс қабылдау керек» деп атап өткен болатын. Жуырда елімізде жаңадан Экология, геология және табиғат ресурстары министрлігі құрылғаны белгілі. Осы орайда өңірдің экологиялық ахуалы жөнінде Павлодар облыстық Экология департаментінің басшысы Данияр ӘЛИЕВПЕН әңгімелескен едік.
Тарих • 07 Тамыз, 2019
«7 тамыз» заңы: алғышарттары, себептері мен қасіретті зардаптары
«7 тамыз» заңының алғышарты ретінде БК(б)П ОК Саяси Бюросының 1930 жылдың 30 қаңтарындағы «Жаппай ұжымдастыру аудандарындағы кулак шаруашылықтарын жою туралы іс-шараларында» қарастырылған мәселелерді айта аламыз. Ол бойынша жер бөліктерінің, ауыл шаруашылығы жайылымдарының, малдың, құрал-жабдықтардың, шаруашылық құрылыстарының қоғамдастырылуы ауыл шаруашылығын өркендетудің жалғыз дұрыс жолы ретінде қабылданды.