Аймақтар • 03 Тамыз, 2023
«Жерұйық көрем десең, Кегенге кел!» деп ақынына шабыт сыйлаған саялы мекеннің көркін асырып, ауылдың ажарын ашқан Жастар саябағына ағылушылар легі жаз бойы толастамай тұр.
Аймақтар • 03 Тамыз, 2023
Облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданы – тіршілігі түзу байырғы мекеннің бірі. Жыл сайын мұндағы әлеуметтік маңызы бар нысандар қатары артып, құрылыс саласы айтарлықтай дамып келеді. Биыл бұл салада құны 7,4 млрд теңге болатын 62 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұған қоса жол жөндеуге қатысты жобаларға 1 млрд теңге бөлініп, 14,3 шақырым жол қайта жөнделмек.
Қоғам • 03 Тамыз, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен Абай облысында жаңадан құрылатын аудандар қатарында Мақаншы елді мекені аталғаны белгілі. Қазіргі күнде құрамына 27 ауылдық округі енетін Үржар ауданына қарасты Бақты ауылы осы Мақаншы аумағында орналасқан. Мақаншының маңдайы қашан жарқырайтыны – өз алдына бөлек тақырып. Ал Бақты – көршілес Қытай еліне тікелей тұмсығын тіреп жатқан және сонымен қатар кедендік бақылау нысаны орналасқан үлкен ауыл.
Қоғам • 03 Тамыз, 2023
Жерге дән сеуіп, егін өсірген елдің «бас ауруының» бірі – арамшөп. Егіннен бұрын бой көтеріп алатын арамшөптің жаны сірі, тамыры мықты. Оны түп-тамырымен жоймасаң, егініңнің еңсе тіктеп, өнім беруі екіталай. Таяуда «Жаңа дала» халықаралық агрокөрмесінде «Щелково Агрохим-KZ» компаниясының ғылыми қызметкері Жексенби Қайыржановпен кездесіп, көрме туралы және компанияның қызметі жөнінде ой-пікірін білдік.
Экономика • 03 Тамыз, 2023
Сәтті сапар сапалы жолдан басталады
Қазақстанда жалпы ұзындығы 157 мың шақырымға жуық автожол бар болса, соның 25 мың шақырымы халықаралық және республикалық маңызға ие екен де, ал 70 мыңы облыстар мен аудандарды жалғайтын көрінеді. Бұған 62 мың шақырым көше жолдарын қосыңыз. Республикалық иеліктегі жолдардағы сапа деңгейінің нормативті көрсеткіші 89 пайызды құраса, жергілікті жолдардікі – 46% бен 85% аралығында.