Руханият • 06 Тамыз, 2019
Жақында «Egemen Qazaqstan» газетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазушы-драматург Жолтай Жұмат-Әлмашұлының «Театр – ұлттың ар-ұяты» атты толғанысқа толы сұхбаты жарияланды. Сұхбатта халқымыздың бүгіні мен болашағындағы театрдың алар орны, соған орай өнердің бұл саласын дамытудағы өзекті мәселелер жан-жақты сөз болды.
Руханият • 06 Тамыз, 2019
Бір бойына қуаныш пен шаттықты, қасірет пен қайғыны қатар сыйғызған даланың дегдарлығына таңданбасқа амал жоқ. Домбыраның қос ішегіндей қатар өрілген, күңіренген күй болып қатар төгілген бұл екі ұғым ежелден бар. Өзі құндағына бөлеп, әлди әнімен әлемді тербеткен ұлы дала күнің түгесіліп, демің біткенде қобыз сарынындай қаралы әуенімен де жоқтайды. Бұл да болса Құдіреттің маңдайға жазғаны, жаратылыстың заңдылығы, табиғаттың қағидасы болса керек. Ал сол екі арада адамзат баласы тағдыр дейтін тақ иесінің тұтқынында ғұмыр кешіп, не түрлі сұмдықты басынан кешіріп барып жан береді екен. Ал сүйекке сіңген қасірет, қанға араласқан қайғы дейтіннің өзін қара жердің сызы да кетіре алмас.
Руханият • 06 Тамыз, 2019
Поэзия – ақынның өшпес iзi. Алып ақындардың iзi де алып. Өресi биiк, өрiсi кең талант иесiнiң туындылары философиялық ойға, терең танымға, әуездi ырғаққа құрылып, сөз өнерiнiң құдiретi арқылы көркемдiк кеңiстiктiң нұрлы қабатын тудырады. Ал гиперiздi ақын дегенiмiз – халқына киелi өнердiң биiк деңгейiндегi шығармалар сыйлаған ақын. Музыканың пiрi Қорқыт атаның күйлерiнен басталған мәңгiлiк мелодиялар ғасырлар симфониясын құраса, саз өнерiнiң сиқырын сұлу сөзбен өрнектеп, ғаламат поэмалар тудырған дархан өнер иесi – Iлияс Жансүгiров шығармашылығы жаңа дәуiр белесiндегi бүгiнгi күнде жаңаша көзқарасты талап етедi.
Қоғам • 06 Тамыз, 2019
Менің Отаным–Қазақстан» слеті өтті
Жақында Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы жүзеге асыру аясында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слеті өтті. Оны Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы өткізді. Табиғаты тамылжыған Риддердегі олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі ауласын таңдап алудағы мақсат – бұл жерде мектеп оқушыларының экскурсиялық жорығына, оқу-тәжірибелік сабақтар өткізуіне, әртүрлі байқауларға қолайлы жағдай жасалған.
Руханият • 06 Тамыз, 2019
Алаш ардағы, қайраткер-қаламгер, ақын-аудармашы Һәм ұстаз-ғалым Жүсіпбек Аймауытұлы қоғамдық қызметімен қатар, қазақ руханиятын ұлттық мұрат пен елдік мүддеге негізделген, дәстүр мен дін байланысын берік ұстанған, тарих пен таным тоғысын терең таразылаған, білім мен ғылым сабақтастығын сарабдал саралаған, тіл тұғыры мен тәлім-тәрбие арналарына жіті назар аударған – «сегіз қырлы, бір сырлы» дара дарын иесі.