Қазақстан • 28 Тамыз, 2017
Нұрлан Ермекбаев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея төрайымымен кездесті
Таяуда Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрайымы, Аустрия Республикасы Парламенті Ұлттық Кеңесінің депутаты Кристин Муттоненмен кездесті.
Аймақтар • 28 Тамыз, 2017
Астанада екі айда 120-дан астам концерт өтті
ЭКСПО-2017 көрмесінің жалауы желбірейтін үш айда елордамыз ірі мәдени көпшілік шаралар өтетін орталыққа айналды. Бұл күндері ойын-сауық бағдарламалары мен концерттердің 70 пайызы қаланың түрлі аудандарындағы ашық алаңдарда, саябақтарда, сондай-ақ, қала маңындағы 9 тұрғын алабында өтуде. Түрлі мерекелер, концерттер, ойын-сауық бағдарламалары елорда тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлауда. Әр жексенбі сайын өткізіліп келе жатқан демалыс күнгі «Думанды Сарыарқа» концерттері тұрғын алаптарының тұрғындарын ерекше әсерге бөлеп, көпшілік көрермен көңілінен шығып отыр.
Аймақтар • 28 Тамыз, 2017
Астанада он мектеп, алты балабақша салынады
Жыл құсындай қайта айналып, тағы бір жаңа оқу жылы табалдырық аттағалы тұр. Астана қаласының мектептері мен мектеп жасына дейінгі тәрбие мекемелері жаңа оқу жылына тыңғылықты дайындықпен кіріскелі отыр.
Медицина • 28 Тамыз, 2017
Тоғыз жолды түйістірген «Нұрлы жол»
Тоғыз жолдың тоғысындағы ару Астананың тарихи өлшеммен алғанда, шамалы ғана уақыт үшінде жаһандық өркениет орталығына айналғаны ақиқат. Оған елордамызда өткізілген ЕҚЫҰ-ға мүше елдер басшыларының саммиті, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі лидерлерінің съездері мен жаһандық экономикалық форумдар дәлел.
Медицина • 28 Тамыз, 2017
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында бәсекелестікті дамыту, сапалы еңбек ресурстарын қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, жаңа жағдайға қарай бейімделуге байланысты бірқатар маңызды тапсырмалар жүктелгені белгілі. Осы орайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі де бірталай істі қолға алыпты. Вице-министр Светлана ЖАҚЫПОВА төменде осы жөнінде әңгімелейді.