Аймақтар • 05 Тамыз, 2019
Елордада құрбандық шалатын орындар белгіленді
Биылғы жылы Құрбан айт мейрамы 11 тамызда басталады. Соған орай қалалық әкімдік құрбандық шалуға арналған орындарды бекітті.Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Арыс тұрғындарына 100 мың теңге өтемақыны алу үшін банк картасы таратылды
12 тамыздан бастап тіркеуде тұрған 55 мыңнан астам адам өтемақыға қол жеткізеді. Бүгін екі ауылдық елді мекен мен Арыс қаласындағы 17 секторда банк карталары таратылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2019
Жұмыссыздарды қолдау орталығы ашылды
Аталған орталықта азаматтарды еңбекпен қамту ғана емес, жеке бизнестерін ашуға да қол ұшын береді. Қазір қаладағы «Кенжехан» және «Көкбазар», екі теміржол бекеті мен Түрксіб жәрмеңкесінде дәл осындай 5 орталық жұмыс істеп жатыр. Жауапты мамандар, жұрт көп шоғырланған аумақтарға тағы жетеуін ашу көзделгенін айтады.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2019
Алматыда «TEMIRADAM» кубогы шеңберінде триатлоннан халықаралық жарыстар аяқталды
Алматыдағы Сайран көлінде 2019 жылғы 3-4 тамызда «TEMIRADAM» кубогының VIII кезеңінің жарыстары аяқталды. Қазақстан Триатлон федерациясы ұйымдастырған бұл спорт додасы Қазақстанның барлық өңірлерінде кезең-кезеңмен өткізіледі. Жарыстың мәрелік бөлігі күзде Каспий жағасында Ақтауда өтеді. Кубок ойындарына IRONMAN әлемдік чемпионаттағыдай, 18 жастан 60+ жасқа дейінгі әуесқой триатлеттер ғана қатысады.
Қоғам • 05 Тамыз, 2019
Үш жүзден астам қазақстандық әскери ұшқыш болуды армандайды
Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты талапкерлерді іріктеуде. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-ден астам жас жігіттер Қазақстанның күш құрылымдарының әскери авиациясына дайындық жүргізетін Орталық Азиядағы жалғыз жоғары оқу орнына түсуге өтініш білдірді. Бұл туралы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының баспасөз қызметі хабарлады.