Спорт • 05 Тамыз, 2019
Өткен бейсенбі күні футболдан Еуропа лигасының екінші іріктеу кезең ойындары аяқталды. Еурокубок додаларында бақ сынап жатқан қазақстандық командалардан тек елорданың «Астана» клубы ғана келесі кезеңге жолдама алды. Ал Алматының «Қайраты» мен Шымкенттің «Ордабасы» командалары қарсыластарын жеңе алмай, жанкүйерлерін жерге қаратты.
Спорт • 05 Тамыз, 2019
Қазақстанның барша жанкүйері 14-22 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында күрес түрлерінен өтетін әлем чемпионатында қыздарға айрықша сенім артып отыр. Олимпиада бағдарламасына енген спорттың бұл түрінен айтулы жарыстың тұсауы 1987 жылы кесілген еді. Сол кезден бері бұрымдылар барлығы 29 рет бас қосқан екен.
Әдебиет • 05 Тамыз, 2019
Қазақ руханиятының екі биік бегімінің дегдар, бекзат болмысы есіме түскен сайын кеудем қоңыр күйге толып, бір мөлдір мұң иектеп алады. Бірі өлең-шерден шедевр жасап, мұң мұхитына батырса, бірінің сахнада көз жасы құрғамай өтті.
Талапкерлер мен ата-аналар назарына: Білім грантын иеленбегендер оқу ақысын қалай төлей алады?
Білім беру гранттары Ұлттық бірыңғай тестілеу және Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстың негізінде тағайындалатыны белгілі. Әрине, оның түлектердің барлығына бірдей бұйырмайтыны түсінікті. Бұл – студенттердің басым көпшілігі ақылы негізде білім алады деген сөз.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2019
«Шымбұлақ» пен «Роза Хутордың» достығы
Қалай десек те, соңғы жылдары Қазақстан мен Ресей арасындағы туристік ағымда белсенділік байқалады. Барыс-келістің артуына түрлі фактор ықпал етіп отырғандығы белгілі. Оның үстіне ежелден көрші, тату екі ел де ішкі туризмді дамытуға мүдделі. Осы ретте атқарылып жатқан шаралар легі өз нәтижесін бере бастаған сынды. Мәселен, өткен жылы «Шымбұлақ» пен «Роза Хутор» тау курорттары арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.