Аймақтар • 27 Тамыз, 2016
Ауқымды істер аймағына айналды
Тәуелсіздік – терең ұғым. Тәуелсіздіктің айбыны асқақ, тұғыры алтын. Тәуелсіздік тәңірдің сыйы, халқымыздың баға жетпес байлығы мен бағы. Күнімізді күлдіріп, көк туымызды желбіретіп, әнұранымызды шарықтатқан тәуелсіздік сан ғасырлар бойы ереуіл атқа ер салып, найза ұшына үкі таққан ата-бабаларымыздың асыл арманы. Аттың жалы, түйенің қомында өсіп, сайын дала, киелі жерін, асқар тауын, аққулар жүзген айдын көлін дұшпаннан қызғыштай қорғап, кейінгі ұрпағына қалдырған бойтұмарлы аманаты.