Қоғам • 07 Тамыз, 2024
Жасөспірімдер көлік апатына жиі ұшырайды
Атырау облысында жыл басынан бері электрлі көлік жүргізушілерінің 930 мәрте жол ережесін бұзғаны тіркелді. Алайда мотокөліктер мен электрсамокатты тізгіндегендер полицейлердің заңды талабын орындамай, оқиға орнынан қашып кетуге тырысады.
Сараптама • 07 Тамыз, 2024
XXI ғасырда әлемде климаттың жылынуы, ауаның ластануы, қоршаған ортаны қорғау сынды өзекті экологиялық мәселелер орын алып, «жасыл» экономикаға көшу адамзат баласының алдында тұрған негізгі мақсаттардың біріне айналды. «Жасыл» экономика – табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға негізделген.
Таным • 07 Тамыз, 2024
Бүгінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен «Қазақстан тарихы ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін» 7 томдық іргелі ғылыми еңбек әзірленіп жатыр. Бұл еңбек үш тілде жарыққа шығып, барлық әлем университеті мен академиялық ортаның Қазақстан тарихы туралы ауқымды мәліметтер алуына, қолдануына мүмкіндік береді.
Жәдігер • 07 Тамыз, 2024
Еуразия аумағында билік жүргізген Жошы ұлысының ақша айналымы хақында айтудан бұрын сол тұста, яғни орта ғасырда дүниежүзілік сауда-саттық ісі қалай жүргізіліп келді дегенге тоқталған жөн. Бұл дәуірдің экономикасы мен ақша айналымын зерттеген америкалық тарихшы-социолог Жанет Абу - Лугодтың (Janet Abu-Lughod) тұжырымына назар аударсақ, ХІІІ ғасырдың екінші жартысында еуразиялық аумақта билік жүргізген Жошы ұлысының ықпалы нәтижесінде күллі әлемді қамтыған экономикалық саясатта бұрын-соңды болмаған бірнеше оң өзгеріс пайда болғаны туралы айтылыпты.
Digital • 07 Тамыз, 2024
Бүгінде қалам ұстағандардың дені «Жасанды интеллект өнерді де басып алды» деген пікір айтады. Иә, бұл сөздің жаны бар. Тіпті Жапонияның белгілі әдеби сыйлығын алған Риэ Кудан өзіне «ChatGPT» көмектескенін айтқан еді. Ол «Акутагаваның» 17-лауреаты да атанған. Бұл үрдіс бізге де келді десем, артық айтпаған боламын. Себебі енді кез келген отандасымыз кітап кейіпкеріне айнала алады. Бір қызығы, ол кітапты жасанды интеллект жазады.