Аймақтар • 26 Тамыз, 2022
Жарықтандыру жұмыстары жалғасын табады
Кейінгі бірнеше жылдың бедерінде Жамбыл өңірі айтарлықтай өзгерді. Сәулеті келіскен ғимараттар, әсіресе көне шаһар Тараздың шырайын арттыра түскені даусыз. Бүгінде қалаға келген жұртшылық «Тектұрмас» этно-тарихи кешені мен «Көне Тараз» аумағына міндетті түрде арнайы ат басын бұрады. Өйткені тарихтың алтын көмбесінен сыр шертетін нысандар осында тұр. Мұндағы архитектуралық шешімдер жұрттың көңілінен шығатыны рас.
Қоғам • 26 Тамыз, 2022
Жанкүйерлердің есінде болар, Қазақстан алғаш рет УЕФА-ға ауысқанда еуропалық аренада еліміздің намысын «Жеңіс» футбол клубы қорғаған еді. Содан бері аталған команда атауын бірнеше рет өзгертті. «Астана» атауымен де өнер көрсетті. Ақыры қаржылық қиындыққа байланысты клуб жабылып тынған болатын. Бірнеше жыл бұрын команда қайта құрылып, қазіргі таңда «Жеңіс» атауымен бірінші лигада ойнап жүр.
Қазақстан • 26 Тамыз, 2022
Қаржы министрлігін цифрландыру тұрмысты қаншалықты жеңілдетті?
Қаржылық қызметтердің біршама цифрлануы күнделікті тұрмысымызды әжептәуір оңайлатып тастады. Дегенмен қағаз күйінде реттелмесе шешімін таппайтын қызметтер қатары әлі де қалың. Осыны ескерген Қаржы министрлігі салалық ведомствоны цифрландыруға кіріскендерін мәлімдеп, оның бірқатар жарқын мысалдарын жария етті.
Білім • 26 Тамыз, 2022
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді» деген сөзі бүгін де өзекті. Ағартушы-ұстаз, ғұлама ғалымның осы бір өсиетті сөзін Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан бес жыл бұрын Сенат Төрағасы кезінде еске салған еді. «Мүмкін бұл маңызды саладағы реформалардың үздіксіз жүргізілуін тоқтата тұру қажет шығар. Қандай жетістікке жеттік, қайда келдік, неге қол жеткіздік?
Бизнес • 26 Тамыз, 2022
Бизнесті қорғау – кәсіпкерлерді қолдау
Елімізде кәсіпкерлердің арыз-шағымдары жерде қалмай, әр дерек бойынша жедел әрекет ету үшін облыстық, тіпті аудандық деңгейге дейінгі прокуратураларда Бизнесті қорғау жөніндегі мобильді топтар жұмыс істейді. Жыл басынан бергі 7 айдың ішінде осы топтарға 1,7 мыңнан астам кәсіпкер жүгінген екен.