Жастар • 28 Тамыз, 2023
Кішкентай кезімізде жазғы демалыста кітап оқу қалыптасқан әдет еді. Оқығаннан түйгеніміз бойынша қыркүйекте, сабақ барысында жарыса шығарма жазатынымыз есімде. Ал қазір технологияның қауырт дамыған заманы. Әр үйдің төрінен ойып тұрып орын алған «ақылды темір» жай ғана жұмыс құралы емес, баланың бос уақытын өткізуші ермегі, ажырамас досына айналған. Кейде «бұларсыз ата-бабамыз қалай өмір сүрген?» деген субъективті сұрақ ойға оралады.
Әдебиет • 28 Тамыз, 2023
«Көктем сенің көзіңде жүр сіркіреп»
«Поэзия бір ғана өлеңмен шектелмейді. Ол барлық жерде нұр болып төгіліп тұр. Айналамыз тұнған – әдемілік. Әнебір ағаштарға, аспанға қараңызшы. Сұлулық пен өмір бір деммен үйлесім тауып тұр. Көркемдік пен өмір қай жерде бар болса, сол жерде поэзия да болады», деген Иван Тургеневтің оқшау ойы расында да жанымызға жақын...
Руханият • 28 Тамыз, 2023
Алтайдың баурайында жазушы Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойы дүркіреп өтті. Салтанатты іс-шара Катонқарағай ауылында жазушы атындағы саябақтың ашылуымен басталды. Бәрінен бұрын жиналған қауым жазушының туған ауылы Шыңғыстайдағы музей-үйінің 20 жылдан соң қайта ашылғанына қуанды.
Қазақстан • 28 Тамыз, 2023
Конституция күні қазақстандықтар қанша күн демалады?
30 тамызда қазақстандықтар Конституция күнін атап өтеді. Мерекеге орай Қазақстан халқы бір күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 28 Тамыз, 2023
Шулы қала, сиқырлы саз. Айнала жан терезесінің көгілдір түсімен өзгеше көрінеді, тереңірек сезіледі. Сірә, бір ғана жалғыздық храмының құзарына құлаған кезде ғана адам шынайы өмір сүреді. Ал сыртқы түрлі орталарға қосылды ма, бітте дей беріңіз, сау ақылына ақау түсіп, әртүрлі нанымдарға иленеді, өзіне тән ерекшелігін жоғалта бастайды. Аз уақыттан соң басқалар секілді арманға сенбес қатыбас, қия баспас біртоға болып алғаны. Міне, еш нанымға иленбеген, жеке қуатқа сызат түспеген кәусар шақ еді бұл. Жұрттың бәрі тек бір өзіңе қарап тұрғандай әр қадамды аңдап басатын киелі кезең. Әлдебір кітап дүкеніне ене беріп, алғаш қолға іліккен, алғаш сатып алған кітабымызға анықтап қарадық. Авторы – Жұмекен Нәжімеденов.