Экономика • 03 Тамыз, 2024
Көлік қызметкерлері күні – кез келген көлік құралын ұршықша иіріп, техникалық қызмет көрсететін автомеханик секілді мамандық иелерінің де мерейлі мерекесі. Қарағандыдағы №3 автопаркте слесарь болып еңбек ететін Тәттімбет Жанат сегіз қырлы, бір сырлы азамат. Өзі әнші, өзі сазгер жігіттің өнер жолында жүріп те бала-шағасын асырай алатын қабілеті бар. Бірақ өзінің екінші үйіндей болып кеткен автопарктегі қызметіне әманда адал.
Экономика • 03 Тамыз, 2024
Тамыз айының алғашқы жексенбісіне орайластырылған көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні қарсаңында Көлік министрлігі салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Сала қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтаған ведомство басшысы Марат Қарабаев үздік мамандарды марапаттап, саладағы ардагерлерге сый-құрмет көрсетті.
Экономика • 03 Тамыз, 2024
Атырау облысында мұнайшылар мен теміржолшылардың, дәрігерлер мен педагогтердің династиясы көп. Солардың қатарында Қабдол Мырзағалиевтен тараған әулет те бар.
Денсаулық • 03 Тамыз, 2024
Кейінгі жылдары төрткүл дүниеде ревматикалық ауруға шалдыққандардың қарасы арта түскен. Ғалымдардың айтуынша, бұл патологиядан көбіне егде жастағы азаматтар зардап шегетін көрінеді. Содан да болса керек, қазіргі таңда ревматикалық дерттің алдын алуға басымдық беріліп отыр.
Экология • 03 Тамыз, 2024
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Абай ауданының орталығы Қарауыл аулындағы Абай саябағында сенбілік өтті. Аудан орталығында ұйымдастырылған іс-шараға мемлекеттік қызметкерлерден бастап, мәдениет және өнер мекемелерінің мамандары, ауылдың белсенді жастарынан құралған 150-ден аса ауыл тұрғыны қамтылды.