Қоғам • 03 Тамыз, 2024
Апта басында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов елордадағы М.Жұмабаев, К.Әзірбаев көшелерінің бойында салынып жатқан Студенттер үйлерінің құрылысымен танысып, мердігер компаниялардың басшыларымен кездесті.
Білім • 03 Тамыз, 2024
«Болашақ» бакалавриатпен қайта қауышпақ
Қазіргі таңда үміткерлер «Болашақ» бағдарламасымен тек магистратура мен докторантурада оқи алады. Енді бакалавриатқа да аталған бағдарламамен үздік шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік берілмек. Бірақ шарт пен талап қатаңдатылады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған баспасөз жиынында айтылды.
Тұлға • 03 Тамыз, 2024
Басығара баласы Қанапия дегенде, көз алдымызға көзі көмір шоғындай, сөзі мірдің оғындай, екі иығына екі кісі мінгендей батыр тұлғалы жігіт елестейді. Шынында, ол қандай кісі болды екен? Өткен күннен қалған суреттер жоқ. Бірақ ел аузында сақталған деректер бар.
Тұлға • 03 Тамыз, 2024
Тілтану ғалымдарының зерттеуінше, жапон лексикологиясының төркіні күріш дәнінде екен. Ал қазақ сөзінің түп-атасы көбіне-көп жылқыға, соғыс өнеріне және аң-құсқа байланысты болып келетінін байқаймыз. Бүгінде кейбір теңеулер мен тұрақты тіркестерді жиі қолданғанымызбен, оның не мағына беретініне мән бере бермейміз. Сондай сөздің бірі – «қаршадай».
Мәдениет • 03 Тамыз, 2024
Әбікей күйші дегенді естуіміз ғана бар-тын. Білмеймін әйтеуір Әбікей десе, жадымызда күйші деген сөз жаңғырады. Ғаламторды ақтарсаңыз, аз ғана мәлімет ұшырасады. Толымды ақпарат жоқ. Уикипедияда күйші екені, жалғыз күйі қалғаны туралы мәлімет бар. Қобызшылар туралы материалдарда Әбікей жөні біресе Исаұлы, біресе Тоқтамысұлы болып шығады.