Туризм • 01 Тамыз, 2024
Тимур Нақыпбеков: Туризм – экономикалық серпін тетігі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің туристік әлеуетін арттыру керек екенін жиі айтып келеді. Былтырғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында ол туризм саласының ақсап тұрғанын сынға алып: «Өкінішке қарай, осы маңызды саладағы жұмыс дұрыс атқарылмай жатыр, еліміз басқа мемлекеттермен салыстырғанда артта қалып келеді» деген болатын. Содан бері шеттен саяхатшы тартуда ілгерілеушілік бар ма? Айтылған сыннан қандай қорытынды шығарылды? Біз «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур НАҚЫПБЕКОВПЕН болған сұхбатымызда осы мәселені қаузап көрдік.
Экономика • 01 Тамыз, 2024
Экономикаға несие беру деңгейі өсті
Таяуда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) банк секторына қатысты соңғы деректерді жариялады. Назар салсақ, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банк секторының активтері негізінен өтімді активтердің 5,8%-ға немесе 1,2 трлн теңгеге өсуі есебінен биыл маусымда 3,9%-ға немесе 2,1 трлн теңгеге ұлғайып, 55,3 трлн теңгені құраған. Ал экономикаға берілген кредит 2,0 пайызға, 30,1 трлн теңгеге дейін көбейіпті.
Экономика • 01 Тамыз, 2024
Ақадыр кентіндегі «Caramel» кондитер кешенінің дәмі тіл үйіретін тәтті өнімдеріне сұраныс жоғары. Алғашында кәсібін үйде бастаған Әсел Ерболқызының ісі бүгінде өрге домалаған. Үлкен цехтың жұмысы өнімді. Қомақты тапсырыстар қабылдайды.
Экономика • 01 Тамыз, 2024
Тұрғын үй нарығына қандай өзгеріс қажет?
Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы халық тұрмысын жақсарту, әр азаматтың дамуына жан-жақты жағдай жасау туралы баса айтты. Әсіресе баспана тақырыбына тоқталып, жақында ғана іске қосылған «Отау» ипотекалық бағдарламасының мүмкіндігін сөз еткен еді. Сондай-ақ Президент ауыл және аудан орталығының тұрғындарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасын қолға алу керектігін қозғады. Ізін ала «Наурыз» бағдарламасы әзірленді.
Мәдениет • 01 Тамыз, 2024
Рухани, мәдени иммунитеті мықты елдің іргесі де берік, сапасы да жақсы болары сөзсіз. Оқитын ұлт қалыптастыру жолында Мемлекет басшысы бірқатар бастама көтеріп, тікелей назарында ұстап отырғанына жұрт куә. Биылғы үшінші Ұлттық құрылтайда барша халықты кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға шақырғаны да есте.