Аймақтар • 28 Тамыз, 2020
Атырау әкімдігіндегі фронт-кеңсеге 600-ден астам азамат өтінішпен келген
Биылғы 1 наурыздан бері облыс әкімдігі жанынан фронт-кеңсе жұмысын бастады. Облыс әкімі аппараты өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы Жандос Бөлекбаевтың айтуынша, аталған фронт-кеңсеге 600-ден астам азамат түрлі өтінішпен келіпті. Ал, жергілікті атқарушы органдарға алты айда жеке және заңды тұлғалардан 18 211 өтініш түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Тамыз, 2020
Екі күнде 300-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Осы жылдың 25-27 тамызында Конституция күнінің қарсаңында криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды болдырмау бағытында облыс көлемінде "Құқық тәртібі" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 28 Тамыз, 2020
Атырауда 150 мың теңге бопсалаған тұрғын ұсталды
Біреуді қорқытып, ақша талап еткен 30 жастағы азамат ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 28 Тамыз, 2020
Неміс компаниясы Қазақстанда зауыт ашады
Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әлемдегі ауылшаруашылығы техникасын ірі өндірушілердің бірі "CLAAS" неміс компаниясымен өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 28 Тамыз, 2020
Қазақстан АДБ-дан $ 3 млн грант алады
Азия Даму Банкі (АДБ) өзінің коронавирус пандемиясына қарсы іс-қимылын қолдау үшін өзінің Азия-Тынық мұхиты апаттарына ден қою қорының (APDRF) 3 миллион доллар грантын мақұлдады. Бұл туралы АДБ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.