Әйгілі АСА (Absolute Championship Akhmat) промоушенінің ұйымдастыруымен 19 қыркүйекте Мәскеуде аралас жекпе-жектен халықаралық турнирдің жалауы желбірейді. Дүбірлі додада Қазақстанның төрт бірдей өрені өнер көрсетеді. Олар – Асылжан Бақытжанұлы, Артем Резников, Нұрберген Шәріпов және Георгий Кичигин.

Асылжан Бақытжанұлы мен Артем Резников Алматыда іргетасы қаланған «Алаш Прайд» клубының мүшелері. Екеуі де біраз уақыттан бері өрелі өнерімен көзге түсіп жүр. «Сақ» деген лақап атпен октагонға шығып жүрген 30 жастағы қандасымыз Алатау баурайында дүниеге келді. Асылжан бұрындары таэквондомен шұғылданды. Аралас жекпе-жекпен айналысқанына бес жылдан асты. Сол уақыт аралығында 11 кездесу өткізіп, тек біреуінде ғана ұтылды. 2018 жылдың мамыр айында Бақытжанұлы ресейлік Мүсілім Магомедовке есе жібергені есімізде. Соңғы үш бәсекені Санкт-Петербург, Грозный және Алматы қалаларында өткізіп, Василий Бабич, Алексей Стоян және Даниэль Толедо сынды саңлақтарға сан соқтырды. Қазақ спортшысы өзінің 10 жеңісінің сегізінде қарсыластарын есінен тандырды.
Мәскеуде Асылжан ресейлік Алексей Буторинмен айқасады. 34 жастағы Санкт-Петербург қаласының тумасы кезінде тайбокс, кикбокс және ушу-саньдамен шұғылданған. 2009 жылдан бері аралас жекпе-жектен 19 кездесу өткізіп, 15 рет жеңіс тойын тойлады. 14 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. Жартылай ауыр салмақтың (93,0 кило) рейтингінде қос спортшы қатар тұр. Үздіктер тізімінде Буторин үшінші орынды иеленсе, Бақытжанұлы төртінші сатыға жайғасты.
– Бұл өте шиеленісті бәсеке болатыны сөзсіз. Себебі, Асылжан да, Алексей де тік тұрып айқасудың шебері. Байқап қарасаңыздар, олардың соңғы секундтарға дейін айқасқан сәттері сирек. Қос спортшы да өз бәсекелерін мерзімінен бұрын аяқтап жүр. Олай болса, Мәскеуде біз нағыз жан алысып, жан беріскен айқастың куәсы боламыз, – дейді «Алаш Прайд» клубының президенті Данияр Қасқарауов.
Жеңіл салмақтағы (70,4 кило) Артем Резников Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында туып-өсті. Жасы 28-де. 2011 жылдан бері осы спорт түріне мықтап ден қойды. Барлығы 27 мәрте айқас алаңына шыққан ол 21 рет мерейі үстем болды. 17 бәсекеде айқын басымдық танытты. Соңғы үш жылда жеті кездесу өткізген Резников солардың барлығын өз пайдасына шешті. АСА рейтингінде Артем алтыншы орында тұр.
Ресей астанасында Артем каратэ мен жауынгерлік самбоны еркін меңгерген чешенстандық Юсуф Райсовпен күш сынасады. Грозныйдағы «Ахмад» клубында жаттығатын 28 жастағы спортшы 17 бәсекенің тек біреуінде ғана ұтылды. Осыдан төрт жыл бұрын Райсов өзінің отандасы Марат Балаевқа ұпай санымен есе жіберген еді. Қалған кездесулерде оның мықтылығы еш күмән туғызған жоқ. 10 кездесуді ол мерзімінен бұрын аяқтады. Үздіктер тізімінде Юсуф екінші орынға табан тіреді.
– Бұл менің көптен күткен жекпе-жегім. Сол себепті де айтулы жарысқа тыңғылықты даярландым. Сөз жоқ, Юсуф Райсов өте мықты спортшы. Бірақ мен барымды саламын. Бәсеке тағдырын шешуді төрешілердің құзырына қалдырмай, қарсыласымды айқын ұтуға тырысамын, – деп Артем алдағы жоспарымен бөлісті.
Сол кеште Нұрберген Шәріпов пен Георгий Кичигин де өз өнерлерін ортаға салады деген ақпарат бар. Аса жеңіл салмақта күш сынасып жүрген Атыраудың арланы спорттың бұл түрін 2014 жылдан бері серік етуде. Сол аралықта 11 мәрте айқас алаңына шығып, 9 рет басымдық танытты. Төрт кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Ол Samara MMA Federation, Titan FC және TKFC додаларында бақ сынады. Соңғы жекпе-жегін былтырғы жылдың қыркүйек айында әзербайжандық Кенан Жафарлиге қарсы өткізіп, ұпай санымен жеңіске жетті. Бұл – Нұрбергеннің АСА-дағы алғашқы бәсекесі. Ал Георгий Кичигин Ресейде туып-өсіп, Қазақстанға қоныс аударған спортшы. Ол 25 кездесудің 15-ін өз пайдасына шешті.
Мәскеудегі АСА 111 турнирінің басты жекпе-жегі жеңіл салмақтағы (70,4 кило) чешенстандық Абдул-Азиз Абдулвахабов пен омбылық Александр Сарнавский арасында өтеді. Грозныйдың тумасы кезінде осы ұйымның чемпионы болған. Өзінің 19 кездесуінің тек екеуінде ғана жеңіліс тапты. Бұл жарыста қазақстандықтар Сарнавскийге жанкүйер болатыны сөзсіз. Себебі, 31 жастағы айтулы спортшы біздің елде туып-өсті. Анықтап айтсақ, ол Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді. Айқас алаңына 44 мәрте шыққан Александр 37 рет жеңіске жетті.
Дзюдошылар Алматы облысында жаттығуда
Спорт • Кеше
Елордада саябақтар салу қалай жоспарланады
Елорда • Кеше
Сабыржан Аққалықов бас жүлдені олжалады
Спорт • Кеше
Елнұр Сүйінбай да финалда ұтылды
Спорт • Кеше
Ерболат Сабыр күміс медальді иеленді
Спорт • Кеше
Қазақстанда 8 авиакомпанияның қызметі тоқтатылды
Қоғам • Кеше
Санжар Ташкенбай әлем чемпионы атанды
Спорт • Кеше
«Ақылды ұрпақ» атты жас ғалымдар форумы өтті
Қоғам • Кеше
Ескекшілер Азия чемпионатына даярлануда
Спорт • Кеше
Алматыдағы МӘМС-те қанша адам сақтандырылмаған?
Медицина • Кеше
Шығыс Қазақстан халқы қас батырын еске алды
Аймақтар • Кеше
Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешевті қабылдады
Елбасы • Кеше
Қоғам • Кеше
Аида Балаева халық алдында есеп береді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында бетон шығаратын зауыттың іргетасы қаланды
Аймақтар • Кеше
Бас мүфти жетім балаларға жәрдемдесті
Қоғам • Кеше
Сенат Төрағасы Ресей Елшісімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Президент отандық вакцина өндірісін арттыруды тапсырды
Президент • Кеше
Пара алған шенеунік 72 млн теңге айыппұл төлемек
Қоғам • Кеше
Атырауда жолаушылар автобусы аударылды
Аймақтар • Кеше
БҚО-да мәслихат депутаты коронавирустан қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Спутник-V мен Qaz-Vac вакцинасы ауруды қоздыра алмайды – Манар Смағұл
Коронавирус • Кеше
Қазақстан құрамасы Косовомен жолдастық матч өткізеді
Футбол • Кеше
Тұтынушыны ұрып өлтірген дәмхана иесі сотталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда жүк көлігі мен автобус соқтығысты
Оқиға • Кеше
Жеті боксшымыз жартылай финалда жұдырықтасады
Спорт • Кеше
Елімізде қашан күн жылынатыны айтылды
Ауа райы • Кеше
Дулыға Ақмолда: Менің ешкімге ұқсағым келмейді
Өнер • Кеше
Қоғам • Кеше
Сенаторлар агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелерін талқылады
Парламент • Кеше
Нұр-Сұлтанда тағы бір аула клубы ашылды
Елорда • Кеше
Жүзушілеріміз Беларусь елінде қос күміс алды
Спорт • Кеше
Nur Otan-да ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойына дайындық барысы талқыланды
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрін қабылдады
Президент • Кеше
Ақмола облысы «қызыл аймаққа» қайта енді
Аймақтар • Кеше
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясында тағы бір кадрлық тағайындау болды
Тағайындау • Кеше
Мергендер Италияда сайысқа түседі
Спорт • Кеше
Экономика • Кеше
Алматылық санитарлар бюджеттен қаржы жымқырған
Аймақтар • Кеше
Кибералаяқтар СҚО тұрғынын 2 миллион теңгеге алдады
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы сауда үйлердің біріне жарылғыш зат қойылған
Аймақтар • Кеше
Ла-Суфриер жанартауы атқылап жатыр
Әлем • Кеше
АҚШ Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдайды
Қазақстан • Кеше
Президент отандық вакцинаны әзірлеген ғалымдарға алғыс білдірді
Президент • Кеше
Қазақстанда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Кеше
Биыл мүгедектігі бар 5,4 мың адам жұмысқа орналасты
Қоғам • Кеше
Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
23 cәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Бұрымдыларымызға бас жүлде бұйырмады
Спорт • Кеше
130-ға жуық босқын Жерорта теңізіне батып кетті
Әлем • Кеше
Семей қаласының әкімі қанша жалақы алатынын айтты
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар