Аймақтар • 02 Тамыз, 2022
Тобыл өңіріндегі «Қазақ тұлпары» серіктестігінің егін алқабында ұйымдастырылған ауқымды агрокөрмеге ауылшаруашылық техникаларын құрастыратын кәсіпорындар мен егін егіп, мал баққан шаруашылық басшылары қатысты. Көрме барысында Қазақстанда құрастырылған ауылшаруашылық техникалары, асыл тұқымды Қостанай жылқылары, түрлі дәнді дақылдардың сұрыптары, агрохимиялық өнімдер мен элиталы астық тұқымдары көпшілік шаруалар назарына ұсынылды.
Қоғам • 02 Тамыз, 2022
Берекелі жұмыс әлеуметтің көңіл күйін көтереді
Халықтың ырыс-несібесінің еселеніп, берекелі жұмыспен қамтылуы – негізгі назардағы басым бағыт. Осы орайда бірқатар мақсаттан тұратын арнайы қолға алынған кешенді жоспар бар. Соған сәйкес Үкімет бюджет қаражатын әділ бөлуді және табыс деңгейі төмен азаматтарды қолдауды көздейтін ілкімді іс-шараларды Халық табысын арттыру бағдарламасы аясында жүзеге асырып жатыр. Бұл, әлбетте, «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасымен үйлеседі.
Қазақстан • 02 Тамыз, 2022
Ақпараттық марафон барысында AMANAT партиясының мүшелері 179 аудандағы 394 ауылдық елді мекенге баруды көздеп отыр. Осылайша, еліміздегі 250 мыңнан астам отандасымыз партияның Үкіметпен бірлесіп іске асырып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы туралы егжей-тегжейлі танысады.
Өнер • 02 Тамыз, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жас ұрпақтың болашағына аса мән беріп, осы жылды балаларға арнады. «Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан да алдағы жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін. Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз», деген еді Президент. Осы орайда әсіресе мәдениет саласында балаларға қандай игіліктер жасалып жатыр? Театрлардың бәрі демалысқа кетіп жатқан дәл қазіргі уақытта жұмысын тоқтатпаған қуыршақ театрлары балаларға не ұсынуда? Әлқисса.
Аймақтар • 01 Тамыз, 2022
«Қазақстан халқына» қоры Абай облысындағы ауыл мектептерін заман талабына сай жарақтандыруға жәрдемдеседі. Бұл туралы аталған қордың басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева айтты.