Қазақстан • 01 Тамыз, 2022
«Қаздырып берді Ызбанов, «Ақжар» атты жарманы»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жолдаған үндеуінде тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырған болатын. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыс белсенді жүзеге асып жатыр. Осы орайда Кеңес Одағы тұсында тоталитаризмнің зардабын тартқан, жала жабылып, итжеккенге айдалып, атылып кеткен жандар оңтүстік өңірде де аз емес. Солардың бірі – Түркістан аудандық партия комитетінің хатшысы қызметін атқарған Аққозы Избанов.
Руханият • 01 Тамыз, 2022
Жайық жұрты Ғұбайдолла Хибашевты жақсы біледі. Бүгінде сексеннің сеңгіріне келген, «КСРО үздік мәдениет қызметкері», «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері, Ақжайық ауданының құрметті азаматы ағамыздың әндерінің әуеніне тербеліп, бірнеше ұрпақ өсіп шықты.
Экономика • 01 Тамыз, 2022
Осыдан біраз уақыт бұрын «Атамекен» ҰКП Төралқасы жанындағы Агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы Жигули Дайрабаев Агробанк құру арқылы фермерлердің қолайлы несие алуына жағдай жасау жөнінде ұсыныс айтқан еді. Бірақ бұл ұсыныс кезінде Үкімет тарапынан да, қаржы секторын бақылаушы органдар тарапынан да қолдау таппаған болатын. Жақында Ж.Дайрабаев тағы бір бұйымтайдың шетін шығарып, «ӨКМ операторы» қаржысы есебінен 50 млрд теңге қаржыландыру көлемінде ауыл шаруашылығы техникаларын жеңілдетілген лизингпен беру бағдарламасын іске қосу жөнінде Мемлекет басшысына тікелей өтініш білдірді.
Әдебиет • 01 Тамыз, 2022
«Магиялық реализм» терминін алғаш рет неміс өнертанушысы Франц Ро сурет өнеріне қолданды. Одан соң Ортега-и-Гассет магиялық реализмнің әдебиеттегі орны жайлы сөз қозғады. Латын Америкасы прозасында XX ғасырдың орта тұсында термин бірегей бағытқа айналып, әлем оқырмандарының жоғары қызығушылығына ие болды.
Әдебиет • 01 Тамыз, 2022
«Кемедей теңселеді кемел ақыл...»
Мағжан Түркістанды жырласа, Жәркен Шығыс Түркістанды көп жырлайды. Мағжанның бір қиыры іспетті. Түркістан, Тұран деген түркінің қара шаңырағы, өлмес мұрат, сөнбес шырақ біз үшін. Біз ғана емес, түбі бір түркі жұртының көкейінен өшпейтін атажұрт жан-жақтағы бауырлас елдердің сана түкпірінде жеке-дара ұғымға айналып кеткен. Сонау Қазтуған, Доспамбет жыраулардың шығармаларынан, тіпті олардан да әріден тамыр тартады.